Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының қызметіне GR-бағытының айтарлықтай әсері мен маңыздылығын ескере отырып, Қор «Астана» халықаралық қаржы орталығының Құқық академиясымен бірлесіп, Қор мен оның портфельдік компанияларының қызметкерлеріне арналған «Үкіметпен өзара тиімді ықпалдасу: озық халықаралық тәжірибемен алмасу» атты жалпы тақырыпта арнайы Сертификат табысталатын оқыту бағдарламасын әзірледі.
2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы сәуірге дейінгі кезеңде тыңдаушылар мемлекеттік органдармен тиімді диалог құрудың өзекті тақырыптарына 6 вебинар жұмысына қатысады.
Спикерлер ретінде мемлекеттік билік, халықаралық құқық органдарымен өзара іс-қимыл саласында, ірі халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың қызметі саласында тәжірибесі мол жетекші халықаралық және отандық сарапшылар шақырылды.
Биыл 29 қарашада оқыту бағдарламасы «Үкіметпен, мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасау және нормашығармашылық қызметі» тақырыбында алғашқы вебинарын өткізіп, өз жұмысын бастады.
Қор басшылығы АХҚО-ның Құқық академиясы Академиялық кеңесінің мүшесі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары, профессор И.И. Роговқа мемлекеттік органдармен өзара ықпалдасудың маңызды аспектілерін айқындап бергені үшін және Қор мен оның портфельдік компаниялары қызметкерлеріне арнайы құзыреттерді дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді.
Бүгінде Қор мен Академия арасындағы ынтымақтастық аясында «Практикалық болжам - компанияға, салаға, елге және болашақтағы бәсекелестікке ықпал ететін іріткі салушы қатерлерді анықтау» тақырыбында кезекті вебинар өткізілді.
Стратегиялық мәселелер жөніндегі директор, Академиялық кеңестің төрағасы және АХҚО-да Корпоративтік басқару төрағасы, профессор Александр Ван де Путте өзінің бірегей халықаралық тәжірибесімен, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарымен өзара ықпалдасудың ең үздік практикаларымен және қағидаттарымен бөлісті.
Алдағы айларда «Үкіметпен өзара тиімді ықпалдасу» бағытында төменде аталған шетелдік спикерлердің баяндамалары жоспарланып отыр:
Тақырыбы - Үкіметпен өзара ықпалдастық: Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең үздік әлемдік тәжірибе, 21.01.2022 ж.;
Тақырыбы - Ислам қаржысы мен жасыл қаржы саласындағы Үкіметпен өзара ықпалдастық, 18.02.2022 ж.;
Тақырыбы - Құқықтық технологиялар, 18.03.2022 ж.;
Тақырыбы - Авиация саласында Үкіметпен өзара ықпалдастықтың маңыздылығы, 29.04.2022 ж.
Жалпы Қор басшылығының пікірінше, мұндай форматтағы іс-шаралар GR-бағытты одан әрі дамыту мәселелері бойынша Қор мен портфельдік компаниялар арасында тұрақты негізде пікір алмасуды жүзеге асыруға, мемлекеттік органдармен өзара ықпалдасудың практикалық аспектілерін талқылауға, қандай да бір міндетті шешудің ортақ тәсілдерін бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік береді.
Сертификаттау сессиясының қорытындысы және әрбір қатысушымен жеке әңгімелесудің нәтижесі бойынша АХҚО Құқық академиясының сертификаттары табысталатын оқыту бағдарламасын аяқтау рәсімі өткізіледі.