Главная Новости «Самұрық-Қазына» мен AZCON жаңа бірлескен жоба бастайды
02 апреля 2026, 12:23 47

«Самұрық-Қазына» мен AZCON жаңа бірлескен жоба бастайды

«Самұрық-Қазына» мен AZCON жаңа бірлескен жоба бастайды

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиевпен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын және оны дамыту перспективаларын, оның ішінде көлік-логистика саласын талқылады. Кездесу барысында Қазақстан мен Әзербайжан порттарында теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу жөніндегі бірлескен жобаны іске асыруға ерекше назар аударылды. Бұл жобаның порт инфрақұрылымының өткізу қабілетін сақтау және екі мемлекет арасындағы сауда байланыстарын одан әрі дамыту үшін аса маңызды екені аталды.

Талқылау барысында тараптар қол жеткізілген нәтижелер мен жоба бойынша негізгі міндеттерге тоқталды. Нұрлан Жақыповтың айтуынша, қазіргі уақытта қордың еншілес компаниясы – «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен Әзербайжанның AZCON мемлекеттік холдингі арасында жобаны бірлесіп іске асырудың негізгі шарттары мақұлданған. Осылайша, кездесу аясында компаниялар тараптардың өзара іс-қимыл шарттарын бекітетін Акционерлік келісімге қол қойды.

Тараптар «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен AZCON арасында АХҚО алаңында бірлескен кәсіпорын құру және негізгі жабдықтарды жеткізу бойынша келісімшарт жасасуды жақын перспективадағы басым тапсырма ретінде айқындады. Бұл Әзербайжанда 2027 жылы теңіз түбін тереңдету жұмыстарына кірісуге мүмкіндік береді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: