Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2021 жылғы 11 наурызда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 100% жай акцияларына қатысты сенімгерлік басқару шартына қол қойды, деп хабарлайды SKnews.kz ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенімгерлік басқару шарты Қорға ҚазТрансГаз дамуының стратегиялық маңызды мәселелері бойынша қолдау көрсетуге, соның ішінде ішкі нарықта газ бағасын белгілеуді реттеу жұмыстарын жетілдіру, газ тасымалдау жүйесін жаңғырту мен кеңейту, ел өңірлерін әрі қарай газбен қамту үшін ҚТГ-ның басқару ісіне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Шарт талаптарына сәйкес ҚМГ «ҚазТрансГазға» толық бақылауын сақтап қалады және оның бенефициар меншік иесі болып қалады. Алдағы уақытта да ҚТГ халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша ҚМГ қаржылық есептілігінде шоғырланатын болады. Шарт ҚТГ акцияларын сату немесе иеліктен шығаруды білдірмейді. ҚазМұнайГаз бен ҚазТрансГаздың еурооблигациялары және басқа да халықаралық міндеттемелердегі ковенанттарды сақтау арқылы жасалып, кредиторларының келісімін алуды қажет етпейді. Сенімгерлік басқару шарты және оның талаптары тараптардың халықаралық кредит рейтингтерінің ағымдағы деңгейлерін сақтап қалуға ықпал етеді.
ҚазМұнайГаз бен ҚазТрансГаздың халықаралық кредит рейтингтерін инвестициялық деңгейде сақтап тұру және халықаралық инвесторлардың, оның ішінде ҚазМұнайГаз бен ҚазТрансГаздың еурооблигацияларын ұстаушыларының мүддесін қорғау ҚМГ маңызды стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады.
Бұған дейін 2020 жылғы маусымда Қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысында Кеңес төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметіне, Қорға, ҚазТрансГазды тікелей Самұрық-Қазынаға бағындыру жөніндегі мүмкіндікті қарастырып, нақты шешім қабылдауды тапсырған болатын.
372
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
237
06 мая 11:49
АлЭС: Живые встречи - реальные перспективы