Главная Новости Самұрық-Қазына мен ҚМГ - табысты тандем
16 қазан 2018, 10:34 2320

Самұрық-Қазына мен ҚМГ - табысты тандем

Самұрық-Қазына мен ҚМГ - табысты тандем Сурет: «ҚМГ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

«Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ынтымақтастығының арқасында Теңіз, Қарашығанақ және Қашағандағы ірі жобаларды дамыту мүмкін болып, мұнай өңдеу зауыттары жаңғырды, елдімекендерге газ енгізілді. Өзге де қол жеткізілген белестер көп. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының 10 жылдық мерейтойында құттықтауында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев осындай пікірін білдірді.

 

«Самұрық-Қазына» қорымен біздің табысты ынтымақтастығымыз болмаса, Теңіз, Қарашығанақ және Қашағандағы ірі жобаларды дамыту, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, елдімекендерді газдандыру және Қытайға газ транзиті жобаларын іске асыру және басқа да жарқын жетістіктерге жету қиын болар еді», - дейді ол өз хатында.

Бүгінде ел басшылығы Ұлттық әл-ауқат қорының алдына қазіргі заманмен үндесетін жаңа міндеттер қойып отыр. Бұл – трансформация бағдарламасын жаңарту, цифрландыру, қаржылық тұрақтылықты нығайту, өндіріс тиімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу. Осы орайда ҚМГ жетекшісі «Самұрық-Қазына» қорының ұжымы тапсырылған мақсат-міндеттерді ойдағыдай іске асыратынына сенімді.

«Өйткені жуырда Қор қызметіне жаңа серпін беретін жаңа Даму стратегиясы қабылданды. «Самұрық-Қазына» қоры және оның құрамындағы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы операциялық, тәжірибелік қызметке бағдарланған, бұл еліміздің энергетика және мұнай саласы үшін де, жалпы Қазақстанның экономикасы үшін де үлкен пайда әкелетіне сенімдімін. Осынау айтулы күні «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы мен ұжымына қолға алған тың бастамалардың сәтімен орындалып,  үздік жобалар мен өміршең идеялардың іске асырылуын тілеймін!», - дейді Сауат Мыңбаев сөз түйінінде.

Толығырақ «SK news» газетінің жаңа нөмірінде: http://bit.ly/2q0FO4J

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: