Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақтелеком» АҚ-да еңбек қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі. Алматы қаласының Қатынау желісін пайдалану департаменті (ҚЖПД), Клиенттермен жұмыс істеу цехының 2-санатты инженері Дәурен Күлкібеков үшін әрбір жұмыс күні қауіпсіздік талаптарын сақтаудан басталады.
Таңғы сағат 8:00-де ұжым журналға қол қойып, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтеді. Осыдан кейін ғана мамандар күнделікті міндеттерін орындауға кіріседі.
Бүгінде Дәурен мен оның әріптестері Алматы қаласында жүзеге асырылып жатқан «Тазарту» жобасына атсалысуда. Жобаның негізгі мақсаты – ескі мыс желілерін заманауи GPON оптикалық технологиясына ауыстыру. Орта есеппен күніне 6-7 абонент жаңа желіге қосылады. Алайда әр мекенжайдың өзіндік ерекшелігі бар: кейбір үйлерде оптикалық кабель тарту оңай болса, кейбір нысандарда қосымша техникалық шешімдер қажет болады.

Байланыс саласында күтпеген жағдайлар жиі кездеседі. Дәурен есінде қалған оқиғалардың бірін ерекше атап өтті. Бір күні Алматы көшелерінің бірінде ауыр жүк көлігі үстіндегі тиелген жүгімен абоненттер пайдаланып отырған интернет кабельдерін үзіп кеткен. Соның нәтижесінде бірнеше тұрғын байланыссыз қалған.
– Бұл жағдай жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін орын алды. Бірақ біз уақытқа қараған жоқпыз. Әріптестерімізбен жедел хабарласып, оқиға орнына бардық. Абоненттер кешкі уақытта интернетсіз қалмауы үшін үзілген желіні қысқа мерзімде қалпына келтірдік. Мұндай сәттерде командалық жұмыстың маңызы ерекше сезіледі. Бір-бірімізді қолдап, түсінісіп әрекет етудің арқасында кез келген мәселені шешуге болады, – дейді инженер.
Даурен ұжымдағы ауызбіршілік пен өзара қолдауды ерекше бағалайды. Оның айтуынша, қызметкерлер қандай жағдай болмасын бір-біріне көмектесуге әрдайым дайын. Бұл жұмыс процесінде ғана емес, корпоративтік іс-шаралар мен тимбилдингтерде де анық байқалады.

Инженер өз мамандығын жай ғана жұмыс емес, қызығушылықпен айналысатын іс деп санайды.
– Адам өз жұмысынан ләззат табуы керек. Мен күн сайын жаңа нәрсе үйренемін, тәжірибе жинаймын, түрлі адамдармен кездесемін. Әр кездесуден өзіме қажетті сабақ аламын. Біреулер қалай әрекет ету керектігін көрсетсе, енді біреулер керісінше қандай қателіктерден сақ болу қажет екенін түсіндіреді. Осындай үнемі даму мен жаңалық мені шабыттандырады, – дейді ол.
Дауреннің пікірінше, байланыс саласы - болашағы зор бағыттардың бірі. Қазіргі таңда экономиканың барлық саласы интернет пен телекоммуникациялық инфрақұрылымға сүйенеді. Сондықтан бұл бағыттағы мамандарға сұраныс та арта бермек.
– Жастарға айтарым - байланыс саласын таңдаудан қорықпаңыздар. «Қазақтелеком» - еліміздің жетекші компанияларының бірі. Мұнда тұрақтылық та, кәсіби даму мүмкіндігі де бар. Біз жас мамандарды үйретуге, тәжірибемізбен бөлісуге әрқашан дайынбыз. Сонымен қатар жастардың жаңа идеялары мен инновациялық көзқарастары компанияның дамуына серпін береді деп сенемін. Байланыс саласының болашағы зор, ал оның басты мақсаты - халыққа сапалы қызмет көрсету, – дейді Дәурен Күлкібеков.

Күн сайын мыңдаған қазақстандықтың байланыста болуы – осындай өз ісіне адал мамандардың еңбегінің нәтижесі. Көпшілік үшін үйреншікті қызмет болып көрінетін интернет пен байланыс жүйесінің артында кәсібіне жауапкершілікпен қарайтын инженерлердің тынымсыз еңбегі жатыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!