Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстандық экспорттаушылар Қытай тарапынан санитарлық нормаларды қатандатуға байланысты ҚХР шекарасындағы қиындықтарға тап болуда. Қытайлық тарап тиелген вагондарды қабылдауды кешіктіруде. Кідірістер жеткізілімнің бұзылу тәуекелін арттырады, ал бұл ретте келісім- шарттарды орындауда күндер де есепте. ҚХР қабылдауды жеделдетуі жүктерді тасымалдауда контейнерлерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов пен «Audasia Express» ЖШС директоры Бақытбек Қадыровтың кездесуі барысында сөз болды.
Сұхбаттасушылар ҚХР астықты тасымалдауды ұйымдастыру бойынша техникалық және технологиялық мәселелерді талқылады. Қанат Көбесов темір жол тасымалдауға ұсынылатын барлық жүктерді шығарып әкетуге дайын, екендігін алға тартты. Ол ҚХР шекарасында вагондарды қабылдауды жеделдету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Үрімші темір жолы өкілдерімен бейнеконференция байланысы форматында кездесу жоспарланып отыр. Қазақстандық экспорттаушылар мен жүкжөнелтушілер қытайлық теміржолшыларға өзара әрекеттесу бойынша ұсыныстар мен сұрақтар бере алады, бұл жұмыста туындайтын «тар жерлерді» кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Audasia Express» ЖШС - дәнді және майлы дақылдарды экспорттаушы. Компания жүктерді айтарлықтай ірі астықтық өңірлерден - Қостанай, мен Ақмола облыстарынан Еуропаға (Скандинавия, Ұлыбритания), Қытайға жеткізеді. Кәсіпорын активінде 500-ден астам астық тасымалдаушы, 11 элеватор, жүктерді, соның ішінде контейнерлерге тиеу және сақтау үшін Көкшетау қаласында ірі терминалы бар.
Кәсіпорынды сыйымдылығы 180 мың тонналық элеватор мен астықтық маршруттарды тиеу мен түсіру үшін Алашаңқай станциясында темір жолы бар қытайлық «Alashankou Jinshahe Flour Manufacturing Co» компаниясымен шарттық міндеттемелер байланыстырады. Түсіруді компания екі тәулікте жүзеге асыра алады.
Жүктерді контейнерлерде тасымалдау кезінде компания контейнерлер үшін өзіндік арнайы қосымша, лайнер-бэгді қолданады. Лайнар-бэг контейнерге салынып, сусымалы жүкпен толтырылады және герметизацияланады. Мұндай қаптама жүкті ластанудан және сыртқы ортаның әсерінен қорғайды.
Кездесу қорытындысын шығара келіп, Қанат Көбесов «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ары қарай да жүкжөнелтушілермен кері байланыс алу тәжірибесін жалғастыруды жоспарлап отырғандығын жеткізді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
54
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы