Главная Новости "Сарыарқа" газ құбырының құрылысына қатысқан отандық компаниялар қандай?
31 желтоқсан 2019, 08:50 2294

"Сарыарқа" газ құбырының құрылысына қатысқан отандық компаниялар қандай?

"Сарыарқа" газ құбырының құрылысына қатысқан отандық компаниялар қандай?

"Сарыарқа" магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталып, газ құбыры пайдалануға берілді. Қызылорда облысынан бастау алған газ құбыры еліміздің елордасын, орталық және солтүстік өңірлерін көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп хабарлайды Энергетика министрлігі.

Аталған жоба толығымен жүзеге асқанда, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының және газ құбырының бойындағы 171 елдімекеннің шамамен 2,7 млн тұрғыны табиғи газға қол жеткізеді.

2018 жылдың желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өткен телекөпір барысында газ құбырының құрылысын бастау рәсімі өтті. Ағымдағы жылғы қаңтарда техника мен адамдарды жұмылдыру, наурыз айында газ құбырын дәнекерлеу жұмыстары басталды. Құрылыс барысында 1 мыңнан астам техника және шамамен 2 мың адам жұмысқа тартылды.

Сонымен қатар, құрылыс барысында отандық өндірушілер барынша жұмылдырылды. Бас мердігер – отандық "ҚазҚұрылысСервис" компаниясы. Ілмекті арматура және кран тораптарымен жергілікті өндіруші "Бемер Арматурен Қазақстан" компаниясы, ал автоматтандырылған газ тарату станцияларымен "Батыс Мұнай Газ жабдықтары" компаниялары қамтамасыз етті.

Айтарлықтай қысқа мерзімде 1061,3 километр газ құбыры, 5 бірлік қуатты автоматтандырылған газ тарату станциясы, сондай-ақ газ өлшеу станциясы салынды.

Бұл жұмыстың үйлесімділігін және мамандардың жоғары кәсіби даярлығын, құрылыс барысында пайдаланылған технологиялардың инновациялығын көрсетеді.

Тұтастай алғанда жобаны іске асыру мультипликативті әсер әкелетінін, шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, сондай-ақ газ құбыры бойындағы өңірлердің инфрақұрылымының дамуына серпін беретінін атап өткен маңызды.

Жобаның жүзеге асуы ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуын азайтуға мүмкіндік береді, халықтың өмір сүруі үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды және экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Еске сала кетсек, биылғы қазан айының басында, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің және өзге де мүдделі тараптардың қатысуымен, "Сарыарқа" газ құбырының "алтын бөлігі" дәнекерленді.

Астанада, қала әкімдігінің хабарлауынша, жобаның бірінші кезегі ЖЭО-1,2,3, Көктал-1,2, Железнодорожный кенті, Оңтүстік-Шығыс (оң және сол) аудандарына дейін газ тарату желілеріне газ беруді көздейді. 1 кезең аяқталған соң 13,5 мың үйдің тұрғындары газбен қамтылады.

Жобаның екінші кезегі - Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3 ПК), Пригородный, Garden Village, Family Village (4 ПК) елді-мекендері газбен қамтылады. Ал үшінші кезекте Ильинка (1-2-ші ДК), Шұбар (3-ші ДК), Өндіріс (4-ші ДК) елді-мекендері газдандырылады.Пайдалануға берілгеннен кейін газ құбыры газ тасымалдауды жүзеге асыруға "Интергаз Орталық Алия" АҚ-на (ИОА) жалға беріледі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: