Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Дубай қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы Каспий теңізінің әзірбайжандық секторында өзі көтерілетін қалқымалы «Satti» бұрғылау қондырғысын бірлесіп пайдалану туралы келісімге келді.
«KMG Drilling&Services» ЖШС мен «Caspian Drilling Company Ltd» арасындағы бірлескен қызмет туралы келісім «Satti» қондырғысын пайдалана отырып, Каспий теңізінің әзірбайжандық бөлігіндегі Shallow Water Absheron Peninsula құрылымында 2 барлау және 1 опциондық ұңғыманы бұрғылауды көздейді. Құжатқа қол қою рәсіміне «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшысы Ахметжан Есімов және ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев қатысты.
«Satti» қондырғысы – Қазақстанда құрастырылған алғашқы теңіздегі бұрғылау қондырғысы. Ол Каспий теңізінде 80 метрге дейінгі тереңдікте бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 19 маусымда «Satti» қондырғысы «KMG Drilling&Services» ЖШС мен «Caspian Drilling Company Ltd» арасындағы сенімді басқару келісімшартының аясында Баку қаласына жеткізілді. Келісімшартқа сәйкес бұрғылау қондырғысы жетілдірілетін болады. Нәтижесінде ол 6 000 метрден астам тереңдікте барлау ұңғымаларын қауіпсіз әрі тиімді бұрғылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ҚМГ өкілдері атап өткендей, мұндай жобаларға қатысу отандық мұнай-газ саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, теңізде бұрғылау жұмыстарын жүргізу ауқымын кеңейтуге жол ашады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
178
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде