Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Соңғы уақыттарда Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша тепловоздар тапшылығы айқын байқалуда. Оған себеп, жазғы уақыттағы жүк тасымалының күрт артуы, өңірдегі орта және ірі кәсіпкерлік нысандарының жүк жөнелтуге тапсырыс берудегі белсенділігі болып отыр.
Жуырда Семей локомотив пайдалану депосына су жаңа отандық қос тепловоз келді. Астанада құрастырылған ТЭЗЗА Evolution маркалы тепловоздарды жергілікті машинистер елордаға өздері барып қабылдап алған болатын. Бөлімшеге жеткізілген жүк тепловоздарын депо ұжымы арнайы күтіп алып, бесінші буын су жаңа локомотивті тамашалады.
Бұл соңы емес, депо басшылығынынң айтуынша таяу аралықта бөлімшеге Астанадағы зауыттан тағы да бірнеше тепловоз жеткізілетін көрінеді. Бүгінде оны алып келу үшін арнайы тепловоз бригадасы әзірленіп жатыр.
Ал, жаңадан алынған темір тұлпарлар қазіргі күннен бастап бөлімшедегі транзиттік жүк тасымалы бойынша тапсырыстарды орындау үшін жолға шығарылды.
ТЧЭ-24 – локомтив депосына жаңа тепловоздардың келуі жүк айналымын жүйелі жүргізуде септігі зор болары анық. Бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімі мамандарының дерегіне сүйенсек, соңғы бір аптаның ішінде аймақ бойынша 323 088 тонна жүк тасымалданыпты. Оның барлығы локомотив паркі бойынша үнемділік шараларын қатаң жүргізу нәтижесінде қол жеткізілген болатын. Демек, жаңа эволюшндердің жеткізілуімен алдағы уақыттарда бұл көрсеткіштердің де еселеп өсетіні анық.
Қуаныш Қожаев
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!