Главная Новости Сенат энергия үнемдеу туралы заң жобасын Мәжіліске кері қайтарды
16 маусым 2022, 09:56 990

Сенат энергия үнемдеу туралы заң жобасын Мәжіліске кері қайтарды

Сенат энергия үнемдеу туралы заң жобасын Мәжіліске кері қайтарды

Сенат «Қазақстан Республикасына кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Заң жобасымен бес бағыт бойынша міндеттерді жүзеге асыру қарастырылады. Бұл бағыттар: Экономика секторларының энергия тиімділігін арттыру және жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын төмендету, электр станцияларында газ қондырғыларын салу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру, Алматы қаласын дамыту шеңберінде қоғамдық қатынастарды реттеуді жетілдіру, дәстүрлі емес көмірсутектерді өндіруді дамыту, сондай-ақ шекара бөлімшелері мен мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін салу жөніндегі мәселелерді шешу болып табылады. Аталған заң жобасы жұмыс тобының отырыстарында, тұрақты комитеттерде, комитеттің кеңейтілген отырысында жан-жақты талқыланып қаралды», – деді Сенат депутаты Ерік Сұлтанов.

Оның айтуынша, заң жобасын талқылау барысында Сенат депутаттары бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

«Оның ішінде жылжымайтын мүлікті рәсімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның қызметі мен құзыреті бойынша нормаларды нақтылау («Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңына түзетулер). Көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына көшу мерзімдерін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту («ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына түзетулер). ҚР Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту және оның негізгі өкілеттіктерін айқындау, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының академигі ұғымын бекіту және зейнет жасына жеткен кезде оған өмір бойғы ай сайынғы стипендия белгілеуді енгізу құқығын беретін нормалар қарастырылған («Ғылым туралы» ҚР Заңына түзетулер)», – деді Ерік Сұлтанов.

Барлық ескертпелер мен ұсыныстар салыстырмалы кестеге енгізілген және жинақталған.

«Баяндалғанды ескере келе, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 5-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісіне жіберуді ұсынады», – деді Ерік Сұлтанов.

Депутаттардың дауыс беру нәтижесінде заң жобасына Сенат енгізген 6 түзету Мәжіліске қайта жіберілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: