Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Теміржол саласында жастардың көптеп еңбек етуі қуантады. Қиындығы көп саланың қыр-сырын меңгеруге бар ынтасын салып, білмегенін үйреніп, жастық күш-жігерін жұмсап еңбек ететіндер, әрине, ұжым мақтанышына айналары сөзсіз. Солардың бірі – Шетпе теміржол стансасында пойыз құрастырушысы болып қызмет ететін Самат Тілекбай.
Теміржол саласында түрлі мамандық бар. Алайда, соның ішінде қозғалыспен тікелей байланысты жұмыс істейтін қатерлі де қауіпті пойыз құрастырушының еңбегі ерекше.
– Әрине пойыз құрастырушы болу оңай емес. Шыдам керек. Ең бастысы жауапкершілік. Өйткені қысы-жазы, ыстық та да, суық та да, қарда да, жауында да күн-түн демей далада жүресің. Бір вагондарды ажыратып, екіншілерін жалғап, діттеген жеріне жіберу керек. Ең бастысы пойыздар тұрмауы қажет. Жұмысқа кіріскен сәттен бастап екі аяғыңмен шауып жүріп пойыздарға қызмет етесің. Ол – сенің міндетің, – дейді Самат.
Теміржол – экономиканың күре тамыры болғандықтан, оның маңызы қай кезде де жоғары. Осыны терең түсіне білетін азамат жұмысының жауапкершілігін де сезіне біледі. Сезіне отырып, ел игілігі үшін тынбай тер төгіп келеді. Вагондарды ажырату, қайтадан тіркеу. Құрамнан алынуы тиісін тұйыққа бұру. Оңай шаруа емес. Бірақ, өз кәсібін сүйетін Самат секілді жастар оны құлшына атқарады. Ол пойыз құрастырушысы қызметімен қосып Шетпе стансасының кәсіподақ төрағасы болып та жасайды.
Пойыздың ақауларына мән беріп, жолаушының аман-есен жетуіне атсалысқан Саматқа елдің алғысы шексіз болса, кәсіподақ комитеті қызметін тиянақты атқарып, мекеменің ішкі жұмыстарын да жауапкершілік танытатын оған ұжымдастарының да айтар рахметі көп. Сонымен қатар, волейболдан Қазақстан теміржолшылар құрама командасының белді ойыншысы Самат жуырда Бурабайда өткен жарыстан жүлделі оралып, ұжымның мерейін асқақтатқан болатын.
Дереккөз: Маңғыстау медиа
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
31
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»
56
08 декабря 12:24
В Кокшетау строят современную ТЭЦ на технологиях «чистого угля»
98
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады