Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін Шымкент қаласында Кәсіподақ көшбасшылығы мектебінің 6 модульден кешенді оқу бағдарламасының кезекті екікүндік дәрісі басталды. Бірден айта кететіні, қатысушылардың Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы ұйымдастырған "Тиімді коммуникациялар" тақырыбындағы сабақтарға қызығушылығы зор, қызу талқылаулар жүруде деп хабарлайды SK News тілшісі.
"Өз алдында дербек әкімшілік ретінде құрылған Шымкент шаһарында Кәсіподақ көшбасшылығы мектебінің екінші модулін қолға алдық. Қазіргі уақытта жиналған 30-дан қатысушының белсенділігі жоғары. Мақсат - ұжымдарда тиімді коммуникация қалыптастыру. Жасыратыны жоқ, егер жұмыс беруші мен қарапайым еңбек адамдарының арасында өзара байланыс мықты болса, еңбек дауларының да аз туындайтыны аян", - дейді Орталықтағы коммуникациялық блок сарапшысы Дәулет Рахманқұлов.
Оқу барысында күнтәртібіндегі өзекті мәселелердің психологиялық қырлары таразыланып, коммуникативтік кедергілер жайы қарастырылуда. Атап өтерлік жайт, теориядан тыс, қатысушылар назарына корпоративтік бағыттағы тәжірибелік жаттығулар ұсынылмақ. Нәтижесінде кәсіподақ өкілдері дақпырттарға тосқауыл қоя білу, шынайы ақпаратты жеткізу білу сияқты тармақтарға құнды кеңестер иеленіп, әрі қарайғы күнделікті жұмыстарында ішкі коммуникацияны дұрыс дамытуға кіріспек.
Өткен жылы бастау алған "Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі" жобасы - кәсіподақ қызметкерлерінің кәсіби деңгейін, олардың елдің тұрақты дамуына үлесін арттыруға бағытталған Қазақстандағы алғашқы кешенді білім беру жобасы. Бұл тұста кәсіподақ көшбасшылары кәсіподақтық менеджмент, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, коммуникация, қаржы және заңи сауаттылық, қызметкерлерді басқару, дау-дамайларды шешу тараптарындағы заманауи құралдарды игереді.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
64
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы