Главная Новости Силлено жас мамандарды іріктеудің алғашқы кезеңін бастады
08 декабря 2025, 17:36 37

Силлено жас мамандарды іріктеудің алғашқы кезеңін бастады

Силлено жас мамандарды іріктеудің алғашқы кезеңін бастады

Полиэтилен зауытының құрылысына жауапты оператор — Силлено компаниясы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің бітіруші курс студенттері арасында алғашқы пилоттық тестілеу өткізді.

Мақсаты — болашақ мамандардың білім деңгейін және полиэтилен зауытын пайдалану кезінде компанияның операциялық блогында жұмыс істеуге дайындығын анықтау. Алғашқы іріктеу кезеңіне «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары» мамандықтарының 4-курс студенттері қатысты.

Тест «Технология» және «Механика» бағыттары бойынша жүргізілді. Білім деңгейі жеткілікті студенттер келесі кезеңге — «Силлено» ЖШС конкурстық комиссиясымен сұхбатқа шақырылады.

Іріктеуден сәтті өткен үміткерлерге университетті аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу ұсынылады.

Аталған іс-шараны аймақтың басқа да серіктес оқу орындарында — С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі, APEC Petrotechnic жоғары колледжі және Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде өткізу жоспарда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: