Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Samruk-Kazyna Construction басшылығы мен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысын талқылады. Отырысқа SK Construction қызметкерлері мен мердігерлік ұйымдардың басшылары да қатысты.
Ұлттық жоба аясында өңірде 8 жайлы мектеп салу жоспарланған, оның 6 биыл пайдалануға беріледі. Қалған 2 нысан 2025 жылы тапсырылады.
Бүгінгі таңда өңір бойынша мектептердің құрылысына 3 мердігер жауапты: «Antarium Group» ЖШС (2 мектеп), «ASTI» ЖШС (3 мектеп) және «АЛЮМИНСТРОЙ» ЖШС (1 мектеп). Алғашқы екі компанияның жұмыс қарқынына ешқандай шағымдар жоқ, бірақ соңғысы кестеден артта қалды. «АЛЮМИНСТРОЙ» ЖШС басшылығына оқу орындарын бекітілген мерзімнен кешіктірмей тапсыру үшін жұмыстарды жеделдету жүктелді.
Мәулен Айманбетовтың сөзінше, барлық мердігерлердің нысандарды уақытылы тапсыра алатын мүмкіндігі бар. Ол үшін жұмысты 2-3 ауысымда нақты ұйымдастырып, құрылыс кезінде жобадан ауытқымау керек.

Отырыста 300 орындық мектеп салынып жатқан Құсмұрын ауылындағы жер учаскесіне инженерлік желілерді тарту жайы да сөз болды. Бұл мәселеде түсіністік бар. Ақсақалов жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар беріп, жақын арада мәселенің шешілетінін айтты.
Жайлы мектептердің құрылысында жергілікті материалдарды пайдалану әлеуеті де талқыланды. Қостанай облысында жайлы мектептердің қасбетін кірпішпен қаптау жоспарланған. Айта кетейік, өңірде мұндай өнім шығаратын зауыт жемісті жұмыс істеп тұр. Бұл мәселе өңір басшысының жеке бақылауына алынды.

Өз кезегінде Құмар Аққалов Қостанай облысында ұлттық жобаны іске асыру бойынша ағымдағы ахуалды және проблемалық мәселелерді талқылау үшін апта сайын онлайн режимінде жиналыс өткізіп тұруды ұсынды. Ұсыныс бірауыздан қолдау тапты.
355
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
291
05 мая 11:53
Казахстан усиливает ИИ-инфраструктуру: проекты «Казахтелекома» представлены на GITEX 2026
224
04 мая 15:35
KEGOC: цифровизация и искусственный интеллект