Главная Новости SK Volunteers: Карантин еріктілікке кедергі емес
10 апреля 2020, 10:42 1877

SK Volunteers: Карантин еріктілікке кедергі емес

SK Volunteers: Карантин еріктілікке кедергі емес

Әлемді жаулаған індет Қазақстанды да айналып өтпеді. Осыған байланысты елімізде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында бірнеше қала мен өңірде карантин режимі жарияланып, кейбір аймақта  шектеу шаралары күшейгені мәлім. 

Карантин шаралары кезінде еріктілердің рөлі өте маңызды. "Самұрық-Қазына" қоры компанияларының қызметкерлері еріктілікпен карантин кезінде де белсенді айналысуда. Олар қазіргі диджитал мүмкіндіктер өте жоғары және көптеген жобаларды үйде отырып та жүзеге асыруға болатынын жақсы түсінеді.

Бүгін біз карантиндегі еріктілердің шағын болса да атқарып жатқан өте маңызды іс-шаралары туралы сұраған болатынбыз.

Махаббат Ысқақова, "Біріккен химиялық компаниясы" Адами ресурстар және әкімшілік басқару бөлімінің менеджері:

Мен еріктілікпен айналысқанды жақсы көремін. Осындай қиын кезеңде барлығымызға бірге болуды үндеген Президенттің ойымен толықтай келісемін. "Магнум" супермаркеттер желісімен бірлесе отырып, еріктілер тобымен бірге қарияларға қол ұшын создық. Олардың карантин кезінде ғана емес жай күндері де серуенге шығуы өте қиын, сондай-ақ олар жұқпалы індетті жұқтыру бойынша қаупі өте жоғары екені белгілі. Бізге арнайы қорғаныш киімдер мен маскалар таратылды. Мен қарттарға азық-түлік пакеттерін үлестірген кездегі олардың жүзіндегі бақыт пен қуанышты айтып жеткізе алмаймын. Осындай еріктілік жобалары көп босла екен деген тілегім бар.

Айжан Какенова, "Қазатомөнеркәсіп"АҚ, HR менеджері:

Өзімнің тікелей жұмысымнан бөлек мен "winning the minds" атты әлеуметтік жобамен айналысамын. Жобаның мақсаты - белсенді жастардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға және жасөспірімдерге тәлім беруі, оларға шеберлік-кластарын өткізуі және өз тәжірибелерімен бөлісуі.

Біз ынталы, оқуға құштар балапандарды үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен табамыз және олармен жүйелі түрде байланыс орнатуға тырысамыз. Тіпті олардың ата-аналарымен де еркін араласамыз.

Қазіргі елімізде орын алған карантин жағдайына байланысты біздің көптеген жобалар онлайн форматқа көшті. Мен де мұндай бастамаларды құптаймын. Қазіргі уақытта мен әр сенбі және жексенбі күні ағылшын тілінен онлайн сабақтар өткіземін. Сабақтар вебинар түрінде жүргізіледі. Сонымен қатар, біз балалармен онлайн Speaking club-тар ұйымдастырып, әртүрлі тақырыптарды талқылаймыз.

Айнұр Бердалиева, Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, корпоративтік коммуникациялар департаментінің менеджері:

Карантинге байланысты көмек беру мүмкіндігінің шектелгеніне орай біз біраз шараларды кейінге шегердік.

Дегенмен көмекке асығып тұратын "Алтын жебе" еріктілері онлайн волонтерлікке көшіп үлгерді. Мен де осы топқа қосылдым. Біздің топ Абдукарим Альарназдың (@help_alarnaz) еміне қажетті қаражат жинау мақсатында балапанның анасымен бірге "Сиқыршылар" эстафетасын бастап кетті. Көп адам миллион деген санды көргенде шошиды және бұл жағдайда көмек бере алмайтындай сезінеді. Бірақ біз 1 күнде 100 сиқыршыны табу арқылы күніне 100 000 теңгеден жинап отыруға бел будық. Бұл идеяны ұсынған Альарназдың анасы, біз оған ақпаратты тарату бойынша әлеуметтік желілерде көмек береміз. Дәл осы қарқынмен жазға дейін қажетті қаражатты жинаймыз деп сенеміз.

Біздің эстафетада сиқыршы атану оп-оңай, сіз Альарназдың анасының шотына кем дегенде 1000 теңге салсаңыз сізге - Альарназдың сиқыршысы деген мәртебе беріледі.

Қазіргі жағдайда біз, ең болмаса онлайн режимде көмек бере алатынымызға бақыттымыз.

Альбина Әтен

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: