Главная Новости Спортшы мұнайшылар сый-сияпатқа ие болды
23 желтоқсан 2021, 09:17 1177

Спортшы мұнайшылар сый-сияпатқа ие болды

Спортшы мұнайшылар сый-сияпатқа ие болды

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ басшылығы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай «Ембімұнайгаз» АҚ өндірістік-құрылымдық бөлімшелері арасында өткен спартакиадаға қатысушы басқарманың қызметкер-спортшыларын қабылдады.

Рахымжан Теміров ерлер арасындағы тоғызқұмалақтан ІІ орын, ал, әйелдер арасында Гүлзира Алдашбаева ІІІ орынды алды. Үстел теннисінен Руслан Даутов пен Жанар Сәрсенғалиева күміс жүлдеге ие болды.

Волейбол мен кіші футбол ойындарынан аталған басқарманың құрама командасы қола жүлдегер атанған болатын. Спартакиада қорытындысы бойынша, жылыойлық басқарма ұжымы жалпыкомандалық есепте ІІІ орынды еншіледі.

Кездесу барысында басқарма бастығы Ғибатолла Шанаев мұнайшыларға ұжым арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға қосып жатқан үлестеріне ризашылығын білдіріп, қызметкерлердің корпоративті рухын арттырып, әріптестер арасында ауызбіршілік пен достықты қалыптастыруды мақсат еткен спартакиададағы нәтижелерін жоғары бағалады. Алғыс хаттармен марапаттады.

Спартакиадаға қатысқан спортшылардың ұсынысымен басқарма аппараты және жас мамандары бірігіп, қайырымдылыққа қаражат жинап, Құлсары қаласындағы «Мүгедектер қоғамына» көмек көрсетті. Шара барысында аталған ұйымға қайырымдылық көмек тарту етілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: