Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері Қаражанбас кен орнындағы тәжірибеге бағытталған оқуға кірісті. Олар өндіріске аса қажетті химиялық су тазарту аппаратшысы, электромонтер, токарь, бақылау-өлшеу құрылғылары және автоматика бойынша жөндеушілер, дефектоскопист сияқты мамандықтың қыр-сырымен танысады.
Студенттік формасын мұнайшылардың арнайы киіміне айырбастаған тәжірибеден өтушілер ең алдымен қауіпсіздік ережесімен танысты. Ережені бес саусақтай білу – кен орнындағы келеңсіз жайттан қорғанудың кепілі.Одан соң цех басшыларымен жүздескен студенттер бес бағыт бойынша бөлініп, тәлімгерімен танысты.
«Оқудағы алғырлығымен таңдалған бес студент жұмысқа кірісті. Қалған бесеуі келесі ауысымда келеді. Тәжірибеге бағытталған оқыту – техникалық мамандарды тәрбиелеудің тиімді жолы. Біздің компания болашақ мамандардың кәсіби білікті болуына барлық жағдайды жасап отыр», – дейді өндірістік басқарма директоры Оңғар Қабылов.
Әзірге кен орнына студенттердің алғашқы легі қадам басты. Олар мұндағы мұнайшылардан өндірістік саланың қыр-сырын толық үйренеді. Жұмысшылар да көрген-білгенімен бөлісуге дайын.
«Компания үшін бүгін қобалжу мен толқынысқа толы күн. Себебі, ойда жүрген жобамыз сәтті жүзеге асты. Жұмысшыларымыз жас буынды жылы жүзбен қарсы алып жатыр. Айта кетейін, студенттер оқу курсына байланысты 8-10 ай көлемінде кен орнында еңбек етеді. Еңбек кітапшасында кен орнында тәжірибеден өткендігі жазылады», – деді персоналмен жұмыс жөніндегі департамент директоры Ғибрат Ауғанов.

Студенттерге штаттық қызметкерлер сияқты барлық жағдай жасалған. Олар арнайы бөлінген цехта тәлімгерлер бақылауында еңбекке араласады. Солардың бірі 4-курс студенті Заманбек Майрамбаев. Пайдаланылған жабдықтарды икемдеу-жөндеу цехіне жіберілген ол көңіліндегі қуанышты жасыра алмады.
«Тәлімгерім токарь станогын жақсылап таныстырды. Станок көмегімен өндіріске қажетті түрлі металл жабдықтарды жасауға болады. Облысымыздағы ең ірі кен орнында тәжірибеден өту мүмкіндігі бұйырғанына қуаныштымы. Осы жерден көп нәрсе үйреніп шығуға барымды саламын», – деп ынтасын білдірді Заманбек Майрамбаев.
Осындай жастардың бойына теория мен тәжірибені қатар сіңіруді көздейтін компания үлкен жобаны жүзеге асырып отыр. Себебі білімді ұрпақ – жарқын болашақ пен ел дамуының айқын белгісі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
53
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
60
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы