Главная Новости Су жаңа 200 көлік. Қазпошта автопаркінің 11 пайызы жаңарады
22 шілде 2021, 10:14 886

Су жаңа 200 көлік. Қазпошта автопаркінің 11 пайызы жаңарады

Су жаңа 200 көлік. Қазпошта автопаркінің 11 пайызы жаңарады

Ұлттық пошта операторы өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін өңірлік филиалдарының автопаркін толықтыруда. Жаңа автокөліктерді сатып алу пошта жөнелтілімдерінің қызмет көрсету сапасы мен жеткізу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазпошта» АҚ осы жылдың қазан айының соңына дейін өзінің автокөлік паркінің 11% жуығын жаңарта отырып, 200-ден астам жаңа машина сатып алады. Компания автопаркі әртүрлі модификациялы және жүк көтергіштігі бар көлік құралдарымен толықтырылады: жүк көтергіштігі 500 келіден 8 тоннаға дейінгі тұтас металл және өнеркәсіптік тауарлық фургондар, броньдалған және жеңіл автомобильдер. Олардың барлығы Қазақстанда құрастырылған.

Бүгін Қостанайда Қазпошта қазақстандық автозауыттан машиналардың бірінші партиясының кілтін алды. 83 жаңа көлік конвейерден облыс орталықтары мен ауылдардың тұрғындарына хат-хабарлар мен сәлемдемелер жеткізу үшін тікелей «Қазпошта» АҚ-ның өңірлік филиалдарына жөнелтіледі.

Бүгінгі таңда ұлттық оператордың көлік паркі 2 мыңға жуық машинадан тұрады. Оның ішінде жеңіл, жүк және брондалған автомобильдер, фургондар, пошта вагондары, автобустар, арнайы техника бар. Бұл ретте пошта жөнелтілімдерін аудандық және ауылдық бағыттар бойынша тасымалдау көбіне автомобиль көлігімен қамтамасыз етіледі.

«Қазпошта еліміз бойынша 7 мыңнан астам ауылдық елді мекенге қызмет көрсететінін және олардың көбінде жалғыз қызмет көрсетуші мекеме екендігін назарға алып, жаңа машиналарды бірінші кезекте ауылдық және аудандық бағыттарға жібереміз. Бұл біздің клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға әсер етеді, сонымен бірге көлік құралдарына күтіп-ұстау шығындарын қысқартады. Біз жыл сайын автокөліктеріміздің автопаркін жаңартамыз. Бұл бағыттағы жұмыстар инфрақұрылымды жаңарту арқылы жоспарлы түрде біртіндеп жүзеге асырылуда. Оның бір айғағы – 2020 жылы Қазпошта 64, 2021 жылы 200-ден астам жаңа автокөлік сатып алынды», – деді «Қазпошта» АҚ желіні басқару жөніндегі басқарушы директоры Жанбота Бөкенов.

Автокөлік құралдары «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржы лизингісі негізінде ірі партиялармен сатып алынуда. Көлік құралдары техникалық сипаттамалары бойынша пошта жөнелтілімдерін тасымалдауға толық сәйкес келеді. Олар «Қазпошта» АҚ фирмалық түстерімен және логотипімен белгіленген.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: