Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы кен орнына жұмыс сапары аясында қабат суын тұшыту зауытының құрылыс барысымен танысты. Жобаның бас мердігері «СИТИК - Водная экология» БК (Ақтау), ал құрылыс жұмыстарын жергілікті «Еврострой-А» ЖШС қосалқы мердігерлік компаниясы жүргізіп жатыр. Жиналыста мердігерлер ҚБМ басшылығына атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары 72%-ға аяқталды. ҚСТЗ алаңына қажетті технологиялық жабдық толық жеткізілді. Ғимараттың құрылысы аяқталып, технологиялық желі бойынша негізгі жабдықтар орнатылды. Бұдан бөлек, зауыт ғимаратының төбесі жабылып, контейнерлер ішіне сүзгі материалын орнатып, электр және автоматика кабельдерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, болат резервуарлардың құрылысы аяқталып, гидросынақтан сәтті өтті.

«Тамыз-қыркүйек айларында зауытқа 30 вагоннан тұратын 60 контейнер жеткізілді. Барлық материалдар келгеннен кейін жұмыстар жандана түсті. Қазір ғимараттардың негізгі металл құрылымдарын монтаждау аяқталды, қабырғаға және шатырға сэндвич-панельдер орнату, бетон жұмыстарын жүргізе отырып, еденді тегістеу және технологиялық жабдықтарды монтаждау жүргізілуде», – деп атап өтті қосалқы мердігер мекеме өкілдері.
Бұдан бөлек, ПК-1 және ПК-3 іске қосу кешендерінен тұратын сыртқы желілердің құрылысы аяқталды. ПК-1 – бұл жалпы ұзындығы 10,2 км екі сорғы станциясы және құбырлар желісі. Ал ПК-3 құбырының ұзындығы 10,7 км құрайды. Қазір аталмыш нысан бойынша құрылыс аяқталды. Жұмысқа кірісу үшін зауытты іске қосу қажет.

Қабат суын тұшыту зауыты – Маңғыстау облысын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу жолындағы бірегей жоба. ҚСТЗ жылына кемінде 6,2 млн. текше метр Еділ суын босатады. Аталмыш зауыт қабат суын өңдеуге және пайдаға жаратуға, бу айдау әдісімен мұнай өндіретін Қаражанбас кен орнының жұмысын нығайту үшін техникалық сумен жабдықтауға арналған. Өңдеу қуаты – тәулігіне 42 500 текше метр. Ал тәуліктік тұщы су өнімділігі – 17 000 текше метр.
Құрылыс барысын тексерген ҚБМ басшылығы жиналыс өткізіп, жұмыс мерзімі мен жоғары сапа стандарттарын сақтау және іске қосу-реттеу фазасына уақтылы көшу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
167
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете