Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Sustainalytic халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның тұрақты даму саласындағы тәуекел рейтингінің көрсеткішін 28,4 балға дейін жақсартты. Бұл ұлттық компанияның халықаралық мұнай-газ нарығындағы ESG елеулі рейтингтерін басқарудағы мықты позициясын көрсетіп отыр.
2020 жылы Sustainalytics алғаш рет «ҚазМұнайГаз»-дың ESG тәуекел рейтингін 34,5 балл деңгейінде бағалаған еді. Бұл тәуекелдердің жоғары деңгейін көрсетті. Sustainalytics агенттігі компаниялардың экология, әлеуметтік жауапкершілік және басқару саласындағы тәуекелдерін, сондай-ақ бәсекелестермен салыстырғанда олардың осы тәуекелдерді басқарудың мүмкіндігін бағалай отырып, оларға ESG рейтингін береді.
«ҚазМұнайГаз» рейтингінің «орташа тәуекел» деңгейіне дейін жоғарылауы Компанияның тұрақты даму саласындағы оң нәтижелерімен және оның стратегиясы мен ағымдағы қызметіне озық ESG-тәжірибелерінің белсенді енгізілуімен байланысты болды.
«Sustainalytics беделді рейтинг агенттігінің «ҚазМұнайГаз» компаниясын тұрақты даму саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде бағалағаны қуантады. Біз ESG қағидаттарын өз қызметімізге кешенді әрі жүйелі түрде енгізіп жатырмыз. Атап айтқанда, Компанияның экологиялық саясаты бекітілді, декарбонизация саласында дербес тәсілдерімізді әзірлеп, одан кейін оларды Компанияның Даму стратегиясымен біріктіру мақсатында Төмен көміртекті дамыту жөніндегі жобалық офис құрылды, Компанияның Төмен көміртекті дамыту бағдарламасы әзірленді. Алдағы уақытта тұрақты даму саласындағы жоғары стандарттарды сақтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізетін боламыз. «ҚазМұнайГаз» бизнесті жүргізудің жауапты тәсілін таңдай отырып, жаһандық ESG-мақсаттарына жетуде өз ниетін растайды», – деді Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.
2021 жылы ҚМГ алдында маңызды міндеттер тұр, ол Компанияның қызметіне ұлттық және халықаралық көміртекті реттеудің ықпалын есепке ала отырып, ҚМГ өнімінің көміртек ізі мен көміртек құрамын төмендету жөніндегі әлеуетін анықтау және кейіннен декарбонизация жобаларының оңтайлы жиынтығы арқылы көміртек құрамын азайту жөніндегі мақсаттарды іске асыру.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
59
09 декабря 13:41
Люди большой станции: истории тех, кто обеспечивает путь казахстанской нефти
73
09 декабря 12:49
ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды