Главная Новости Табысы толағай Тұрлан
13 қыркүйек 2021, 09:31 1493

Табысы толағай Тұрлан

Табысы толағай Тұрлан

Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнде нығайып, әлем таныған абырой-беделге жетуіне Еңбек адамдарының да өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат.

«Еңбегің өнімді болса, көңілің сенімді болар» деген қанатты сөз құдды қарапайым еңбек майданында тер төгіп жүрген жандарға арналып айтылғандай. Еңбектің жақсы-жаманы жоқ. Сондықтан қытымыр қыс пен аптап жазда жеті қат жер қойнауынан мұнай игеріп жүрген мұнайшылардың еңбегі ерекше. Ол кісілердің қажырлы болмыстары мен мандай терін төгіп, жанын салып істейтін жұмыстары бағалауға лайық. Ризық несібесін қара алтыннан тауып отырған жандардың бірі Бисенов Тұрлан Оразұлы. Ол ширек ғасырдан астам мұнай саласында абыройлы еңбек етіп келеді.

Гурьев облысы, Теңіз ауданында 1966 жылы дүниеге келген кейіпкеріміз 1983 жылы орта мектепті бітіріп СПТУ-да білімін шыңдайды. Оқу бітірісімен әскер қатарына шақырту алған Тұрлан Беларусия Республикасының Минск қаласында екі жылдық борышын өтейді. Елге оралған жылы Маңғыстауға ат басын тіреген ол еңбек жолын «Қаражанбасмұнай» мекемесінде ұңғыларды зерттеу операторы болып бастайды. Кейін, 1995 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасына жұмысын ауыстырғаны болмаса, барлық мұнайшылардай Тұрлан Оразұлының әу бастан «илегені – бір терінің пұшпағы» еді.

Өндірісте ең шыдамдылар мен төзімділер ғана тұрақтайды. Осы уақыт ішінде Тұрлан ағамыз өзінің біліктілігімен, іскерлігімен, еңбекке қабілеттілігімен, бағалана білді. Өзіне тапсырылған істі мінсіз, үлкен абыроймен атқарған оның еңбегі елеусіз қалған жоқ. Уақытпен санаспай атқарған тынымсыз еңбегінің арқасында алған марапаттары да бар.

Өндірістен тапжылмай жүріп отбасын құрған отағасы екі қыз, бір ұл тәрбиелеп, қазіргі таңда қыздардан жиен сүйіп отыр.

«Еңбектеніп, өз маңдай терімізбен жұмыс жасап жатқан жайымыз бар. Бүгінге дейін басшылардан бір жаман сөз естімеппін. Түптеп келгенде бала-шаға несібесі үшін жүрміз ғой. Мұнай саласында қызмет істеп жүргенімді өз басым мақтан тұтамын», – дейді ол күн қаққан жүзіне нұр толып.

Бүгінгі таңда еңбек жолы жастарға үлгі боларлық Тұрлан Оразұлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұстас келген Маңғыстау мұнайының 60 жылдығына өзінің 55 жасын қоса тойламақшы. Біз де өз тарапымыздан әріптесімізге зор денсаулық, қажымас қайрат пен жасымас жігер тіледік.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: