Главная Новости «Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты» кітап көрмесі

«Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты» кітап көрмесі

«Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты» кітап көрмесі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қаражанбас кен орнындағы кітапханада «Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты» атауымен кітап көрмесі қойылды. Экспозицияға Қазақстан жазушыларының 30-ға жуық туындысы, нақтырақ айтсақ Тәуелсіздік тарихы мен Қазақстан егемендігінің қалыптасу кезеңінде маңызды рөл атқарған тұлғалар туралы мақалалар мен материалдар ұсынылған.

Мұнайшылар жұмыс ауысымынан кейін кітапханаға келіп, бос уақытын кітап оқуға арнайды. Мұнда үнемі ұйымдастырылатын шаралар адамның рухани баюына, тарихи-мәдени мұраны сақтауға ықпал етеді. Көрмеге қойылған материалдарда мемлекетіміздің қалыптасуы мен жеткен жетістігіміз қамтылатын маңызды оқиғалар көрсетілген.

«Әріптестеріміздің арасында кітап оқығанды ұнататындар көп. Кітап алуға келген әр мұнайшы мұндағы материалдарға көз жүгіртпей өтпейді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қойылған көрме жыл соңына дейін жұмыс істейді. Ел бойынша тойланатын маңызды мерекелер кезінде осындай көрмелерді дәстүрлі түрде ұйымдастырамыз», – деп атап өтті кітапханашы Роза Торғаева.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: