Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы аясында еліміздің мұнай саласында да жетістік көп. «Қаражанбасмұнай» АҚ-да еңбек ететін тәуелсіздік құрдастары жетістіктер қоржынын толтыруға үлес қосып келеді. Бірі мұнай өндірсе, енді бірі ұңғыма бұрғылайды. Ал жобамыздың келесі кейіпкері – дебиторлық және кредиторлық қарызды есепке алу бөлімінің аға есепшісі Арман Мұратов.
Биыл 30 жасқа толатын Арманның мұнай саласындағы еңбек жолы осыдан жеті жыл бұрын басталды. Атырау мұнай және газ университетін бітірген жас маман қызметте өзін кәсіби қырынан көрсете білді. Егемендік арқасында елдегі үздік компаниялардың бірінде сапалы білім мен тәжірибе жинаған тәуелсіздік құрдасы Қазақстан мен мұнай саласының болашағы жарқын екеніне нық сенімді.
«Мен еліміздің дамуына үлес қосып жүргенімді азаматтық парыз деп санаймын. Өйткені, мен жоғары білім алып, елдегі инновациялық өзгерістердің куәгерімін. ҚБМ сияқты мықты мұнай компаниясында жұмыс істейтінімді мақтан тұтамын. Соңғы бір жылдың ішінде біз өз позицияларымызды нығайтуға мүмкіндік берген көптеген өзгерістерді бастан өткердік. Менің жұмысым мұқият болуды талап етеді. Бастысы – шоттармен жұмыс істеу кезінде қателеспеу. Оған қоса мен Тәуелсіздіктің құрдасы ретінде үлкен жауапкершілік сезінемін», – деді Арман.
Арманның жұмысы ҚБМ-ға қызмет көрсететін кредиторлармен тығыз байланысты. Шоттар мен коммуникациялар бойынша, ол нағыз кәсіби маман. Сондай-ақ аға есепші жас мамандар кеңесінің мүшесі. Замандастарымен бірге компанияның әлеуметтік өміріне белсенді араласады. Арманның пікірінше, Тәуелсіздік жылдары туған ұрпақ – алдына мақсат қоюдан және оған жетуден қорықпайтын жалынды да жаңашыл жастар.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
59
09 декабря 13:41
Люди большой станции: истории тех, кто обеспечивает путь казахстанской нефти
73
09 декабря 12:49
ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды