Главная Новости Тәуелсіздік құрдасы: «Біз елімізбен бірге өсіп келеміз»
Біздің адамдар16 наурыз 2021, 09:52 252

Тәуелсіздік құрдасы: «Біз елімізбен бірге өсіп келеміз»

Тәуелсіздік құрдасы: «Біз елімізбен бірге өсіп келеміз»

«Қаражанбасмұнай» АҚ-да өмірдің үшінші ондығына қадам басқан жүзге жуық мұнайшы еңбек етеді. Солардың бірі – №2 Мұнай өндіру цехінің операторы Айбек Самбетов.

Тәуелсіздік құрдасының кен орнында жұмыс істеп жүргеніне 10 жылға жуықтады. Оператор ретінде ол мұнай мен газдың бөліну процесін және құрылғы көрсеткіштерін бақылайды. Айбектің қара алтын игеру саласындағы еселі еңбегі үзеңгілестеріне үлгі.

«Дамылсыз дамудың 30 жылы – бәріміз үшін маңызды мереке. Біз – Тәуелсіздік құрдастары, елімізбен бірге өсіп, жетіліп келеміз. Бұл бізге айтарлықтай күш-қуат береді. Мен еліміздің өндірісі өрге басып тұрған ірі Компанияда жұмыс істеймін. Мамандар біліктілігінің артып, цехтердің ашылып жатқанына, зауыттардың бой көтергеніне куәгермін. Сондықтан елімізді дамытуға үлес қосып, осындай үлкен ұжымда жұмыс істейтінімді мақтан тұтамын», – дейді кейіпкеріміз.

Айбек қызметте ғана үлгілі маман емес. Отбасында адал жар, балаларының бойына адами құндылықтарды сіңіріп өсіруді көздейтін қамқор әке. Тынымсыз еңбек етіп, үлкеннен құрметін аямайтын, кішілерді мейіріммен аялайтын кейіпкеріміз өңіріміздің қоғамдық өміріне де белсене араласатын азамат. Тәуелсіздік жылы туған Айбек бейбіт аспан астында жиған-терген, көрген-білген рухани қазынасын Қазақстан игілігі үшін жұмсауға дайын нағыз патриот.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: