Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ-да Тәуелсіздік арқасында қанатын қатайтқан мамандардың бірі – ҚБМ әлеуметтік жұмыстар департаменті директорының орынбасары Марат Себасов.
Ол ел дамуы үшін басым бағыттар бойынша кадрлар даярлауға бағытталған президенттік халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Марат 2012-2013 жылдары Лондон қаржы және бизнес мектебінде экономика және халық шаруашылығын басқару бойынша білім алды.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылы Елбасы Қаулысымен бекітілді. Тәуелсіздікке қол жеткізген соң елімізге одан әрі реформалар жүргізе алатын жоғары білікті мамандар қажет болды. Кеңес үкіметінен қалған мемлекеттер тарихында тұңғыш рет дарынды жастарға шетелде білім алу мүмкіндігі берілді. Мен сол мүмкіндікке ие болғандардың бірімін. Алған білімім мен тәжірибемді өмір бойы қажетіме жаратамын. «Болашақ» стипендиясы кәсіби өсу мен өз-өзіңді қалыптастыруға кепіл болады», – деп атап өтті Марат Себасов.
Білімдіге дүние жарық. Марат Себасов еліміздің жетекші мұнай өндіруші компанияларының біріндегі қызметімен қатар, облыстық мәслихат депутаты ретінде жауапкершілік арқалап келеді. Ол Қазақстан талай тар жол тайғақ кешуден өтті және оның басты құндылығы – Тәуелсіздік деп есептейді.