Главная Новости Тат баспайтын технология қолданылады
23 қыркүйек 2021, 07:27 901

Тат баспайтын технология қолданылады

Тат баспайтын технология қолданылады

Маңғыстау мұнайының 60 жылдығы аясында «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған жабдықтарды, техниканы және техникалық процестерді жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасуда. Атап айтқанда, Қаламқас және Жетібай кенорындарында қабат қысымын ұстап тұру жүйесі үшін жоғары қысымды желілік шыныпластикалық құбырлардың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтары сәтті аяқталды.

Мұнай-газ саласында қолданылатын болат құбырлардың негізгі проблемасы – коррозия. Коррозиялық процестер болат құбырларды жиі ауыстыруға және жөндеуге немесе коррозиядан қорғайтын түрлі әдістерді қолдануға деген қажеттілік тудырады. Бұл жұмыстар өз кезегінде құбырларды күтіп ұстауға бағытталған шығындардың артуына, сондай-ақ белгілі бір дәрежеде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерге алып келеді.

Бұл мәселенің оңтайлы шешімдерінің бірі коррозияға ұшырамайтын, пайдалану мерзімі едәуір ұзақ (20 жылға дейін) шыныпластикалық құбырларды пайдалану болып саналады. Оларды өндірісте қолдану құбыржолдардың жөндеу аралық кезеңін ұлғайтуға, мұнай кәсіпшілігі сұйықтықтарын айдау кезінде гидравликалық шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Ең бастысы – қоршаған орта үшін әсері аз болады.

Осы орайда, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қаламқас және Жетібай кеорындарындағы қабат қысымын ұстау жүйесі негізінде болат құбырларының коррозиясы салдарынан туыдайтын авариялық жөндеулерді азайту мақсатында жоғары қысымды шыныпластикалық құбырлардың жұмыс істеу әлеуетін тексеру үшін тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізуге бастама көтерді.

«Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар «ҚМГ Инжиниринг «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» ЖШС филиалының техникалық қолдауымен алты ай бойы жүргізілді», – дейді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Өндірістік департаменті жаңа технологиялар бөлімінің бастығы Болат Сейтмағанбетов.

Жетібай кен орнында шыны пластик құбырларды орнату бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар үшін 1246 және 4025 айдау ұңғымаларының жоғары қысымды құбырлар жүйесі таңдап алынды. Ол жерде жоғары қысымды (Р=20 МПа) ұзындығы тиісінше 660 және 340 метр болатын құбырлар желісі орнатылды. Қаламқас кенорнында тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар ұзындығы 600 метр болатын ГУ-23 БКНС-1 қысымды коллектор учаскесінде жүргізілді. Барлық сынақ жұмыстары бойынша оң нәтижелер алынды, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар барысында технологиялық тиімділіктің барлық өлшемдеріне қол жеткізілді. Мамандардың бағалауы бойынша, қолданыстағы құбырларды шыныпластикалық құбырларға ауыстыру экономикалық тұрғыдан да өте тиімді, салынған қаржының өтелу мерзімі үш жыл.

Қазіргі уақытта тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар нәтижелері «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС жанындағы ғылыми-техникалық кеңестің талқылауына жолданды, оң қорытынды болған жағдайда, шыныпластикалық құбырларды Қоғамның кенорындарына толық қолданысқа енгізу туралы шешім қабылданатын болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: