Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Сурет: "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ баспасөз қызметі
2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобы жоспарлы қаржылық көрсеткіштерді асыра орындады. Сатудан түскен кірістің өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7 %-ды құрады. Бұл туралы Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің қоржындық компаниялар басшыларымен өткен кеңесте айтылды.
Операциялық пайда (NOPLAT) өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда есептік кезеңде 9,6 %-ға өсті. Тиісінше таза табыс 39,5 %-ға артып, 1158 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар, Ахметжан Есімов Қордың "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ IPO-ға келесі жылы шығару жоспарын растады, сондай-ақ сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
"Сатып алу жүйесін жетілдірудің арқасында өткен жылы біз 121 млрд теңгені үнемдедік. Биыл 153 млрд теңгені үнемдеу жоспарланып отыр", - деді кездесу барысында Қор басшысы.
Айта кету керек, 2018 жылдың сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" қорының 2018-2028 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын мақұлдады. Елбасы Ұлттық әл-ауқат қорына негізгі мақсаттың бірі ретінде қоржындық компанияларды тиімді басқаруды және олардың қызметінің көрсеткіштерін ұқсас әлемдік компаниялардың көрсеткіштерімен теңестіруді жүктеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
53
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
60
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы