Главная Новости TAZALYQ экожобасы ЕҚДБ қатысуымен іске асады
03 маусым 2021, 14:11 1356

TAZALYQ экожобасы ЕҚДБ қатысуымен іске асады

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС және Еуропа қайта құру және даму банкі TAZALYQ жобасын 80 млн доллар сомасына қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Іс-шара маусымның 3-і күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Болашақтың бағдары – тұрақтылық» атты «ECOJER» I халықаралық конгресінің аясында өтті.

TAZALYQ жобасы АМӨЗ ағын суларының тазарту құрылыстарын жаңғыртуды, сондай-ақ ауданы 860 гектар булану алқаптарын қалпына келтіруді көздейді.

Бұдан басқа, жоба аясында тазарту құрылыстарына қолданыстағы ашық бұру арнасының орнына АМӨЗ ағын суларын тарту үшін ұзындығы 3,5 шақырым жаңа құбыр салу жоспарлануда. Жобаға сәйкес кәсіпорында түзелетін ағын сулар жаңадан салынған механикалық, кейіннен қазіргі биологиялық тазарту құрылыстарында екі кезеңдік тазартудан өтеді. Ағын суларының бір бөлігі қайта пайдалану үшін зауытқа қайтарылады, ал қалғаны Атырау қаласында салынып жатқан тазарту құрылыстарына жіберілетін болады. Бұл өз кезегінде Жайық өзенінен тұщы су алуды азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, парник газдарының ауаға бөлінуін төмендету және атмосфералық ауа сапасына теріс әсер етуді барынша азайту бойынша бірқатар шара қарастырылған. Жобаны 2023 жылға дейін іске асыру жоспарланып отыр. Құрылыс кезеңінде 150-ге дейін жұмыс орны ашылады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ АМӨЗ міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге ЕҚДБ пайдасына кепілдіктер береді. Компанияда атап өткендей, жобаны іске асыру Атырау қаласының қоршаған орта ахуалын жақсартады, экологиялық таза технологиялар мен «жасыл» экономиканы дамытуға жәрдемдеседі, қала халқының денсаулығына оң әсер етіп, АМӨЗ қызметінің Атырау өңірінің қоршаған ортасына, флорасы мен фаунасына теріс әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, ЕҚДБ қатысуы жобаға, соның ішінде экологиялық стандарттарға ең жоғары талаптарды қояды. Жоба ЕҚДБ Экологиялық және әлеуметтік саясатына сәйкес келуі тиіс. Қажетті бағалаулар мен зерттеулер жүргізу, экологиялық және әлеуметтік басқару жүйелерін енгізу, жобалық шешімдерді әзірлеу кезінде Еуропалық одақта қабылданған қолжетімді ең озық технологияларды қолдану талап етіледі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: