Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-да биылғы жыл экологиялық мәдениет жылы болып жарияланды. Ол «Планетаны таза ұста – өзіңнен баста!» ұранымен өтуде. Басты мақсат – экологиялық қауіпсіздік пен қызметкерлер денсаулығына қамқорлық жасау.
Экологиялық мәдениет жылы аясындағы басты назар Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспарын іске асыруға бағытталып отыр. Ол экологияға және табиғатқа ұқыптылықпен қарауға бағдарланған.
Экологиялық мәдениет жылы басталып та кетті. Теміржолшылар «Ағаш отырғыз» акциясына қатысты. Оның мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту, жаңа жасыл аймақтарды жайластыру. Акцияны Атырау локомотив пайдалану депосының қызметкерлері қолдады. Қажетті санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтап, олар ағаш көшеттерін отырғызып, депо аумағын көгалдандыруға белсенді қатысты.
Сондай-ақ «жасыл бастама» аясында «Қоршаған ортаны қорғау» экологиялық сағатын, «Бірге – таза Темір жол», «Табиғатты сақта – батарейканы тапсыр» акцияларын өткізу жоспарлануда. Теміржолшылар станциялардың, деполардың, жол бөлімшелерінің аумағын ретке келтіріп, отын-энергетикалық ресурстардың шығыстарын, қоршаған ортаны ластаушы заттардың шығарылымын төмендету бойынша іс-шаралар өткізеді.
Теміржолшылар отбасыларының балалары арасында «Экология балалар көзімен» тақырыбында үздік сурет байқауы ұйымдастырылады. Қызметкерлер арасында «Өндірістің эко-қауіпсіздігі» және «Жасыл және салауатты кеңсе» конкурстарын өткізу ең үздік жұмыс тәжірибесін анықтауға, қорытындылауға және таратуға және шығармашылық әлеуетті дамытуға, өңірлік және желілік деңгейдегі экологтарды ынталандыру мен көтермелеуге бағытталған.
Сондай-ақ теміржолшылар «Қалдықтарды жинап, қайта өңдеуге тапсыр» экологиялық марафонына және «Қалдықтар-кірістер» акциясына белсенді қатысады. Іс-шараның мақсаты – экологиялық проблемаларға назар аударту. Қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС барлық құрылымдық бөлімшелерінде орнатылған.
Теміржолшылар бұл бастамалардың болат магистральдарды «жасыл» ете түсетініне және болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретініне сенімді.
362
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
305
05 мая 11:53
Казахстан усиливает ИИ-инфраструктуру: проекты «Казахтелекома» представлены на GITEX 2026
234
04 мая 15:35
KEGOC: цифровизация и искусственный интеллект