Главная Новости «Темір жону мінезді шыңдайды». Жылыоймұнайгаз жөндеушісі өз кәсібі туралы
21 шілде 2021, 09:20 990

«Темір жону мінезді шыңдайды». Жылыоймұнайгаз жөндеушісі өз кәсібі туралы

«Темір жону мінезді шыңдайды». Жылыоймұнайгаз жөндеушісі өз кәсібі туралы

«Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ өндірістік құралдарды жөндеу және пайдалану цехының жөндеушісі Асхат Байтақов өз кәсібінің ерекшеліктері мен еңбек жолы туралы әңгімеледі.

– Мамандық таңдау – қиын іс. Мамандық таңдаудан қателессеңіз, өмір бойы жаныңыз қаламайтын іспен айналысуға тура келеді. Ал, ұнатпай істеген шаруада берекет болмайды. Еңбек етуің тек өзің үшін ғана қажет емес, айналаңа да пайдаңды тигізуге міндеттісің. Өзінің бейімі мен қабілетіне қарай маман болған адамның жұмысы өнімді әрі берекелі болмақ. Мен бұл түйінге 31 жылға тарта еңбек өтілімнен кейін келдім.

Кәсібім өзіме ұнайды. Жылыой өңіріндегі іргелі мекеме – «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында қарапайым жөндеуші болып еңбек етемін.

Әркім өзінің қолынан жақсы келетін іспен айналысуы керек. Менің қолымнан темірді жону, оны өзім қалағандай етіп жөндеу жақсы келеді. 31 жыл бойы темір жонып келемін. Міндетім – өндірістен келген сораптарды дер кезінде жөндеп, кері іске қосу. Өндірістің үздіксіз жұмыс істеуінде, сол арқылы өнім өндіру жоспарын көрсеткішке сай орындауда темір жонушы ретінде менің де үлесім бар екенін есіме алсам, бойымды қуаныш кернейді. Осының барлығы мамандықты, болмысыңа жақын кәсіпті дұрыс таңдай білгенде жатқан жоқ па?!

Мен еңбек ететін Өндірістік құралдарды жөндеу және пайдалану цехында қызмет жасап жатқан әріптестерімді де «өз кәсібінің шеберлері» дер едім. Бәрі де ауыртпалықтан қашпайды.

Қолдап жұмыс жасаймыз, алдымызға ақауы табылып келген әрбір құрал-сайманның тетігін таба білетін мамандармыз. Ондай мамандар қандай жылы сөзге болмасын лайық қой.

Өндіріс – елдіміздің дамуындағы басты тетіктің бірі десек, сол тетіктің бір бұрышында ембіліктер де бар. Әрине, қуана айтатын жәйт.

«Қайткенде мен өзіме тапсырылған міндетті сапалы орындаймын, бүгінгі еңбек күнін табысты өткізейін» деген маман – өз кәсібінің нағыз шебері. Ал мамандықтың майталманы бола білу – өз қолымызда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: