Главная Новости Теміржол мекемелерінде санитарлық тазалық айы жүргізілуде
25 маусым 2024, 17:41 317

Теміржол мекемелерінде санитарлық тазалық айы жүргізілуде

Теміржол мекемелерінде санитарлық тазалық айы жүргізілуде

Түркістан облысындағы теміржол мекемелерінде санитарлық тазалық айлары кезең-кезеңмен тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Ерте көктемнен бастау алған бұл шараны Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің жетекшілері жіті назарда ұстап, тиісті сала мамандары тапсырмаларды тиянақты орындап келеді.

Атап айтқанда, Арыс, Түркістан, Түлкібас пен Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің іріліұсақты кәсіпорындарында ғимарат, кеңселер ақталып-сырланып, аула тазалау мен ағаш отырғызу және гүлмен көркемдеу жұмыстары тыңғылықты жүргізілді. Қазіргі кезде көктемде отырғызылған көшеттер күтіп-бапталып, тұрақты түрде суарылып, апталық кесте бойынша төңіректің күл-қоқысы түгел шығарылуда. Осы істің басы-қасында жүрген НЖС-9 мекемесінің жетекші инженер-экологы Сүйімбек Сапаров кейбір әріптестерінің жас көшеттердің күтімін жасауда жанашырлықпен жаңашыл қадамға барғанын айтады.  

– Арыс электр тартымдық станциясының электр-механигі Бақытжан Оңғарбаев қосалқы станция ауласына теміржолшылар отырғызған гүл мен көшеттерді тамшылатып суару жүйесін өз қолымен жасады. Бұл өзі – қолынан келсе, көпшілікке үлгі, өнеге боларлықтай іс, – дейді өңірдің инженер-экологы.  

Жалпы, әлі де жалғасып жатқан оңтүстіктегі тазалық айлығына осы кезге дейін өңірдің 1 321 қызметкері жұмылдырылды. Тіпті «Бейсенбідегі тазалық» күні де тұрақты түрде ұйымдастырылып, оған Арыс жол дистанциясынан 520 адам мен Шымкент жол дистанциясынан 296 маман қатысқан. Сол сияқты ЗИЛ-130, КамАЗ, МТЗ-80 секілді арнайы техникалар көмегімен айлық шара аясында 2,5 мың тонна шөп-шалам мен күл-қоқыстар арнайы полигондарға төгілген. Оған қоса, теміржол учаскелері мен жол айналымдарының маңайындағы қоқыстар да жинастырылған. Бұл ретте мекеме, кәсіпорын жетекшілері жергілікті әкімдік пен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімдерімен, полиция өкілдерімен және жергілікті тұрғындармен белсенді әрі бірлесе жұмыс жүргізуінің нәтижесінде, аймақ, ауылдар мен теміржол телімдерінің маңайында тазалық жұмыстары жүргізілгенін атап өткен жөн.  

Нұрлыбек Досыбай

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: