Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС-нің «Минералды тыңайтқыштар» зауытындағы теміржол тұйықтарында тактикалық оқу-жаттығу өтті.
Шартты түрде жер сілкінісінің салдарынан зауыт аумағында аммиак пен дизель отыны цистерналары құлап, герметикаланбаған өрт және отын багының жарылу қаупі туындады. Төтенше жағдайды байқаған ауысым шебері бірден өндірістік персоналды байланыс бойынша аварияның туындағаны туралы хабарлайды.
Оқу-жаттығулардың тактикасына сәйкес, оқиға куәгері газқағар киіп, сиренаны іске қосып, газдалған аймақтан кетуі тиіс. Өндіріс шебері өз міндетін мүлтіксіз атқарған соң, зауыт жұмысшылары дереу эвакуацияланып, еріктілерден құралған газдан құтқару жасағы және зауыттың күзет күштері қауіпсіздік бекеттерін қойып шықты.
Туындаған қауіптің ауқымына қарай, оқиға орнында төтенше жағдайды жою бойынша жедел штаб құрылды. Осыдан кейін апат орнына 14 адамнан тұратын газ құтқарушылар және өрт сөндіру бөлімі құрамында әскерилендірілген авариялық құтқару қызметінің бөлімшесі келіп жетті. Мамандар аммиактың төгілуі нәтижесінде пайда болатын аммиак-ауа бұлтының таралуын шектеу бойынша тапсырмаларын дер кезінде орындады.
«Қазфосфат» ЖШС-нің қос өндіріс орны – «Жаңа Жамбыл фосфор» және «Минералды тыңайтқыштар» зауыттарында теміржол тұйықтары бар. Өз өнімдерін республика көлемінде ғана емес, шетелдерге экспорттайтын кәсіпорын былтыр теміржол арқылы 3 миллион тоннаға жуық жүк тасымалдаған болатын.
Ардақ Үсейінова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
76
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы