Главная Новости Теміржолда экологиялық таза энергия көздері қолданылады
07 желтоқсан 2021, 08:07 1022

Теміржолда экологиялық таза энергия көздері қолданылады

Теміржолда экологиялық таза энергия көздері қолданылады

«ҚТЖ» ҰК»АҚ бас инженері Батыр Қотырев 2030 және 2060 жылдарға арналған  Компанияны декарбонизациялаудың бірнеше жобасын ұсынады. Бұл істе темір жол көлігіне, өндіріс ошақтарына және әлеуметтік нысандарға табиғатқа зиян келтірмейтін отындық пайдалану басты міндет.

Біріншісі, Компанияның ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға инвестициялық мүмкіндігі шектеулі екенін ескере отырып, локомотив паркін жаңарту есебінен  351,9 мың тоннаға дейін СО2-ні аз да болса төмендетуге болатынын айтады.

Ал екінші оптимистік сценарий – Достық – Мойынты телімін электрлендіріп, сұйытылған табиғи газ отынына өткен 77 локомотивті өндіріске енгізе отырып, мұнымен қоса локомотив паркін жаңарту есебінен СО2-ні 519 мың тонна дейін төмендетуге қол жеткізу жоспарына құрылған.

Үшіншісі, терең декарбонизациялау. Бұл сценарий аккумуляторлық локомотивтерді, ал кейіннен сутекті белсенді қолданумен сипатталып отыр. Әлбетте, көрсетілген жобаларды іске асыру едәуір дәрежеде мемлекеттік қаржыландыру мүмкіндігіне байланысты болмақ. Темір жол көлігінен және өндірістен шығатын зиянды қалдықтар азайып келеді.

Батыр Котырев, тартымдық емес қажеттіліктерде (қазандық, қазан) төмен көміртекті дамыту бойынша да үш сценарий ұсынады. Біріншісі, көмірмен және дизель отынымен жұмыс істейтін қазандықтарды газга ауыстыру болса, екіншісі, көмірмен жанатын қазандықтарды жетілдіре отырып, ұзақ жанатын қазандықтарды пайдалану есебінен ауаны ластаушы заттарды 8,1 мың тонна СО2 дейін азайту. Үшінші сценарий электромобильдерді, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері үшін жаңартылатын энергия көздерін белсенді пайдалануды, автокөліктерде сутегіні қолдануды көздейді. Енді бұл әлемде технологиялардың қарқынды дамуымен байланысты болмақ.

«Сұйытылған табиғи газды, газомоторлы отынды пайдалану, әрине, бүгінгі күні анағұрлым пысықталған мәселе. Сұйытылған табиғи газды мотор отыны ретінде локомотивке енгізу және қолдану үшін бір локомотивте пилоттық жобаны сынақтан өткізбекпіз. Бұл зерттеу жұмысын 2024 жылдың соңына дейін өткізуді жоспарлап отырмыз», – дейді бас инженер.

Ол сонымен қатар 2022 жылдың 1 тоқсанынан бастап екі департаменттің ережелеріне энергияға көшу мәселелері бойынша қосымша функциялар бөлігінде өзгерістер енгізілетінін атап өтті. Сондай-ақ, түрлі мамандықтағы 7 мыңнан астам адам тұрақты даму мәселесі бойынша қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтпек. Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да парниктік газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі Жол картасының жобасы жасалуда екен.

Сұлугүл Бакесова

Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: