Главная Новости Теміржолдың «басауруы» – бүйір жақтауы
27 тамыз 2018, 16:25 2480

Теміржолдың «басауруы» – бүйір жақтауы

Теміржолдың «басауруы» – бүйір жақтауы Сурет: "Қазақпарат" ХАА

Отандық теміржол саласының қауіпсіздігіне қатысты арагідік болып жататын оқыс оқиғалардың басым бөлігінде «бүйір жақтауы (боковая рама)» деген ұғым жиі айтылады. Қос рельстен вагон тайды ма, осы бөлшектен ақау шықты дей беруге болады.

Сонымен бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселеден осы жақында нақты бір қорытынды тұжырымдалғандай.

Таяуда «ҚТЖ» ҰК» АҚ қабырғасында өткен жиында украиндық бүйір жақтауларынан бас тарту ұсынылды. Дәлірек келтірсек, «АЗОВЭЛЕКТРОСТАЛЬ» және «КРЕМЕНЧУГ БОЛАТ ҚҰЮ ЗАУЫТЫНЫҢ» өнімдері Ұлттық компания басшылары тарапынан сапасыз деп танылып, қолданыстан алып тастау керектігі нұсқалды.

ҚР Инвестиция және даму министрлігі, Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторларының қауымдастығы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы», «Қамқор-вагон», «Қазтеміртранс» компаниялары өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы талқыланғаны хабарлануда. Әңгіменің төтесіне көшсек, жиынға қатысушылар Азовэлектросталь және Кременчуг болат құю зауытынан шыққан бүйір жақтауларынан жинақталған жүк вагондарын алдағы уақытта пайдаланудың қажеттілігіне күмәнданды.

Мәселен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Марат Шәкенов, Сарышаған-Шығанақ теміржол телімінде жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне бүйір жақтауының сынуы себеп болғанын еске салды.

Сандарды сөйлетсек, Қазақстан аумағында 2010 жылдан бастап бүгінге дейінгі аралықта бүйір жақтауларының 85 рет сынуы мен тесілу жағдайы орын алса, соның ішінде басым бөлігі, яғни 33-і Кременчуг болат құю зауытынан шыққан жақтаулар, ал 25-і Азовэлектростальдікі екені айқындалған.

2018 жылдың бірінші жартысында вагон пайдалану депосы жұмысшыларының техникалық қызмет көрсетуі кезінде 89 ақаулы бүйір жақтауы анықталған. Аталған мерзімде вагондарды жоспарлы жөндеу кезінде тексерілген 36000 жақтаудың 1412-сінің ақауы бар болып шығып, оның ішінде тағы 118 өнім Азовэлектростальден шыққан, ал 125-і Кременчуг зауытының өнімі.

2011 жылдан бері «Қазтеміртранс» АҚ 2008-2009 жылдары Азовэлектросталь зауытында өндірілген 3971 бүйір жақтауын пайдаланудан шығарып тастауға мәжбүр болған.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ вагон шаруашылығы департаментінің бас менеджері Дулат Бектұров теміржолшылар сапасыз бүйір жақтауларымен жұмыс істемеуге барынша күш салғанымен, бұл бөлшектерді жекеменшік теміржол тасымалы операторлары жалғастыруда екенін мәлімдеді.

Отырыс қорытындысында теміржол көлігінде бұдан әрі қауіпсіздікті нығайтуға қатысты арнайы хаттама толтырылып, құжат Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторларының қауымдастығына жолданды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: