Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ бас кеңсесінде теміржолшылар мен көмір тасымалдаушылар кездесіп, алдағы жылу маусымына байланысты туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың төрағалығымен өткен кеңеске энергетика министрлігі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, көмір разрездерінің өкілдері мен тасымалдаушылар қатысты.
Осы жылғы алты айда шойын жол арқылы 51,5 млн тонна тас көмір тасымалданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға көбірек. Оның ішінде отандық тұтынушыларға 36,3 млн тонна жеткізілген. Салыстырмалы түрде алғада бұл былтырғы көрсеткіштен 9% жоғары. Ал, экспортқа 15,2 млн тонна көмір жөнелтілді.
«Екі мәселеге баса назар аударғым келеді. Біріншісі – жыл бойына көмірдің біркелкі тиелуі және тамыздан бастап отын түрінің сатып алына бастауы. Бұл жұмыс реті тиімділігін көрсетіп қана қоймай күзгі-қысқы маусымда көлік тапшылығына ұрынбауға септігін тигізді. Сондықтан барлық мүдделі топтың осы қағиданы берік ұстанғаны абзал. Екіншісі – «Қазтеміртранс» АҚ өзге де меншік иелері секілді нарықта жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты жүк жөнелтушілердің тасымалданатын көмірді көлікпен қамтамасыз ету жағын барлық меншік иелерімен алдын ала келісіп алғаны жөн», – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының жүк қозғалысы жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Оралхан Құлақов.
Қазақстан аумағында 63 мыңнан астам ашық вагон (полувагон) бар, олардың 40 мыңнан астамы – ҚР жеке меншік иелері мен көрші мемлекеттер вагон операторларының балансында, 23 мыңнан астамы – «Қазтеміртранс» АҚ меншігінде.
Кеңес қорытындысы бойынша осы жылдың 1 тамызына дейін ҚТЖ-да көмір тасымалдау мәселелері жөніндегі штаб жұмысын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
341
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
213
04 мая 12:07
ТХКБ халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі жаңғыртылды