Главная Новости Теміржолшылар Құрбан айтта қайырымдылық жасады
17 маусым 2024, 16:37 354

Теміржолшылар Құрбан айтта қайырымдылық жасады

Теміржолшылар Құрбан айтта қайырымдылық жасады

Қазалы станциясындағы локомотивтік айналым депосының ұжымы Қазақ теміржолының 120 жылдығы мен Құрбан айт құрметіне «Шапағат» ерекше балаларды оңалту орталығында қонақта болды.  

Ринат Тлеумбетов басқаратын ТД-23 ұжымы жігіттері құр қол келмепті, орталықтағы 20 балаға рюкзак толы құрал-жабдықтар, шағын бассейн, 2 топқа арналған желдеткіш, мамандарға арналған контейнер және ойыншықтар, жеміс-жидек пен теміржол логотипі бедерленген торт сыйға тартты.

– Аудандағы оңалту орталығынде ем алушы жасөспірімдерге көмектесу бастамасын көтеріп, ұжым басшысының қолдауымен іске кірістік. Балалардың қуанғанын көріп, жасаған еңбегіміздің босқа кетпегенін түсіндік. Бастаған істі соңына жеткізген Талғат Есқалиев, Ерлан Бимұрат, Асылбек Аекеев, Жасқанат Айтупов, Талғат Даулетияров, Дархан Шайдуллаев және басқа жігіттерге рахмет, – деді балаларға көмек беру бастамасының ұйымдастырушылары атынан Тоқтар Әлмаханов.

Иә, бұл күн шапағаттықтар үшін ерекше күн болды. Теміржолшы ағалары балалардың ойнайтын барлық ойыншықтарын жаңалап беріп, аулаға суға түсетін бассейн, бөлмеге ауа салқындатқыш орнатып берді. Ал теміржол логотипімен жасалған тәтті торт балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.    

Сабырхан Сейілбекұлы

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: