Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары Ресеймен шекаралас аймақта тіркелген дала өртімен күрес жүргізуге жәрдемдесуде. Бұл орайда Ауыл станциясына жеткен өрт сөндіру пойызы осы өңірде қызыл жалынмен күрес жүргізіп жатқан Төтенше жағдайлар департаментінің 20-дан астам өрт сөндіру машинасын сумен қамтамасыз етті.
Теміржолшылар қауымы өрт шыққан аумаққа жалпы көлемі 180 тоннадан астам су жеткізген. Ресей аумағынан басталған тілсіз жау аталмыш станцияға, яғни желі бойына небары 7 шақырым қалған шақта ауыздықталды. Алайда, өрттің өзге ошақтарын толықтай сөндіру әзірге мүмкін болмай жатыр.
Айта кетер жайт, дала өрті пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ және теміржол инфрақұрылымы нысандарына төнген қауіп сейілді. Эвакуацияланған тұрғындар арасында теміржолшылар қауымы жоқ.
Сонымен қатар Семей және Семей жол бөлімшесінің Защита станцияларында қауіпсіздік мәселелері бойынша жедел штабтар құрылды. Қауіп күшейер болса, жоспарға сай жұмыстар жүргізілетін болады.
– Қазіргі таңда өрт орын алған аумақта төтенше жағдайлар қызметімен қатар ішкі істер саласының қызметкерлері, әскерилер де жұмылдырылуда. Сондай-ақ еріктілер де жәрдемдесуде. Астана қаласы, Павлодар мен Қарағанды облыстарынан арнайы техникалар мен қосымша күш келіп жетті. Теміржолшылар тарапынан өрт сөндіру пойызы көмекке жіберілді. Тілсіз жаумен күрес жүргізіліп жатқан аумақтан сәт сайын хабар алып отырмыз. Станциялар мен жол айрықтарына төніп тұрған қауіп жоқ. Қызыл жалынды оқшаулау және жою үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда, – дейді НЖС-6 бөлімшесі бойынша азаматтық қорғаныс бөлімінің инженер-технологы Еркін Спанов.
Абай облысының шекарасында басталған өрт осымен үшінші тәулікке созылуда. Қызыл жалынды сөндіруге аңызақ жел кедергі келтіруде. Соның себебінен 3 мыңнан астам гектар жер өртеніп кеткен. Оқиға орнына ҚР ТЖМ вице-министрі Астана қаласынан арнайы келді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
135
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»