Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін Астанадағы Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығында «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында алғашқы рет салалық сертификаттау аяқталды.
Орталық басшысы Нұргүл Нұрғалиеваның айтуынша, «Қазақстан темір жолы» компаниясы халық шаруашылығына қатысты өзге 9 басты бағыттың ішінде бірінші рет осындай тәжірибе мен теория ұштастырылған қанатқақты шараны қолға алған.
«Сондықтан бұл қадамды маңызды әрі жауапты деп санаймыз. 2014 жылы құрылған мекемеміз теміржол қызметкерлерін оқытып, басқа да тараптармен тәжірибе алмасып келеді. Осы орайда халықаралық өнегені ескеріп, қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән берілетін болатжол бойында біліктілігі жоғары адамдардың жұмыс істегенін қалаймыз», - деді ол салтанатты рәсім барысында.

Оқу сабақтарынан сәтті өткен пойыз диспетчерлері мен станция кезекшілеріне және жүк қабылдап-тапсырушыларға тиісті куәліктер табысталды.

Сарапшылардың айтуынша, жоба кәсіби стандарттарды жасау мен жетілдіруге, білім беру бағдарламаларын қайта қарастырып, жаңартуға, сондай-ақ, тәуелсіз бағалау жүйесін құруға бағытталған. Қазіргі заманда технологиялар қарқынды дамып, теміржол мамандарына бір ғана бағдарламалық қамтудың өзінде ғана көптеген жаңа талаптар қойылуда. Ал біліктілікті айғақтау арқылы бұл түйткілді тарқатуға мүмкіндік тумақ.

Атап өтерлік жайт, Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығында General Electric, Talgo сынды әлемдік өндірушілердің оқу құралдары қойылған. Дәл осы компаниялармен ынтымақтастықта елорда жанындағы индустриялдық паркте Локомотив құрастыру зауыты, Электровоз құрастыру зауыты, «Тұлпар-Тальго» зауыты сынды өндіріс ошақтары теміржолдағы жылжымалы құрамды жаңартуға үлесін қосуда.
Кемел МАРАТ
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
175
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете