Главная Новости Теміржолшылар викториналық байқауда бақ сынады
29 қыркүйек 2021, 09:19 647

Теміржолшылар викториналық байқауда бақ сынады

Теміржолшылар викториналық байқауда бақ сынады

Қыркүйектің 20-29 аралығында «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-да «Қазақстанның даму тарихы – менің тарихым» атты викториналық байқау өткізілді. Арнайы байқау Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Құрметті теміржолшы, ҚР тұңғыш көлік министрі, қоғам қайраткері Нығметжан Есенғариннің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Викторина мақсаты – еліміздің даму тарихы мен тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау. Оның шарты бойынша викторинаға қатысушы 25 сауалға жауап берді. Сайыс сұрақтарына жауап берген әрбір қатысушы аты-жөні мен телефон нөмірін және электронды поштасын жазып қалдырды. Викторинаға қатысушылар жауабы 20-26 қыркүйек аралығында жіберіліп, байқау комиссиясы ұсынылған жауаптарды екшеп, олардың ішінде дұрыс және ерте жауап бергендерді іріктеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға 220 адам қатысқан. Комиссия шешіміне сай I, II және III орындар анықталды. Сонымен ең дұрыс жауапты бірінші болып жеткізген «ҚТЖ» ҰК» АҚ» – «Астана темір жол вокзал кешені» филиалының технологиялық процесті ұйымдастыру бөлімінің бастығы Ғалия Нүскеева жеңімпаз болып танылса, екінші орынды Көп функционалды қызмет көрсету орталығынан персоналды дамыту тобының қызметкері Аягөз Темірова алды. Ал үшінші орынға Қарағанды магистральдық желілер бөлімшесінің қыз- меткері Сапар Жазыбаев лайық деп танылды.

Сонымен қатар комиссия шешімімен ынталандыру сыйлықтарына «Қала маңы тасымалы» АҚ қызметкері Азамат Айтенов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ» – «Астана темір жол вокзал кешені» филиалының қызметкері Ертужан Құлыбаев ие болды. Жеңімпаздардың барлығы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.  
 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: