Главная Новости Теңізшілер ағылшынша тіл сындырды
17 мамыр 2021, 10:55 1216

Теңізшілер ағылшынша тіл сындырды

Теңізшілер ағылшынша тіл сындырды

Биылғы ақпаннан мамырға дейін «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметкерлер арасында ағылшын тілі бойынша корпоративтік курстар ұйымдастырды. Курс бағдарламасы бойынша компанияның 50-ге жуық қызметкері білім алды.

Оқуды Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті мен  «FORWARD SCHOOL» ағылшын тілі мектебінің тәжірибелі, білікті мамандары өткізді.   

Ағылшын тілінде өзара тілдесу, оны ұғыну және осы тілде еркін сөйлесіп, әрқилы сөз тіркестерін қолданып білу – бұл оңайлықпен шешілетін міндеттердің бірі емес.

Тілді меңгеру процесін жеңілдету үшін жаттығу барысында жоғары білікті мамандар күнделікті тұрмыста және өз мамандығында қолданылатын сөздер мен сөйлемдерді  құрудың негізгі қағидаларын үйретті.

Атап айтқанда, жаттығу жұмыстарында коммуникативтік және лексикалық әдістер, заманауи ойын түрлері және интерактивті тәсілдер, ауызеке сөзді дамытуға бағытталған айтылым, ағылшын тілінің емлесіне арналған тапсырмалар, жазу дағдылары және мәтінді назар салып тыңдау қолданылды. Сондай-ақ, бірегей және тиімді  әдістердің бірі – Каллан  (Callan Method) әдісі қолданыс тапты.

Callan Method – өте тиімді, шапшаң және ең бастысы ағылшын тілін меңгеруде уақыт пен қаражатты үнемдейтін жүйелердің бірі. Ол 1959 жылы ғалымдармен Кембридж университеті жанында профессор Робин Калланның басшылығымен әзірленді. Осы әдістің халықаралық сенімге ие болуы оның жылдар бойы қалыптасқан тарихы арқасында мүмкін болды. IBM, Fiat, Olivetti сияқты көпұлтты компаниялар осы әдісті өз қызметкерлерін оқыту үшін кеңінен қолданды. 

Курс тыңдармандары дәріс беру сапасына толықтай қанағаттанып, оқу жаттығуларына қуана-қуана қатысты. Олар осы әдіске қызығушылық танытып, оқу кезеңінде өз алдына қойған мақсаттарға ойдағыдай қол жеткізді. Қызметкерлер курстар аяқталысымен емтихан  тапсырды және оқу курстарын меңгергені туралы сертификат алды. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: