Главная Новости Қытайдан жүк жөнелтуді жеңілдететін заңға қол қойылды
05 сәуір 2019, 14:48 2650

Қытайдан жүк жөнелтуді жеңілдететін заңға қол қойылды

Қытайдан жүк жөнелтуді жеңілдететін заңға қол қойылды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойды. Енгізілген түзетулер Қазпоштаға "Қорғас" ШЫХО ЕЭА аумағында орналасқан бондтық қоймадан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің транзитін реттеуге мүмкіндік береді деп хабарлайды "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі.

Бұл Қытай елінің пошта қызметтеріне жүгінбей Қытайдың логистикалық компанияларына Еуроодақ елдеріне Қазпошта арқылы сәлемдемелерді жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай компанияларға Қазақстанда жүкті рәсімдеу уақыты да айтарлықтай қысқарады.

Жалпы, бондық қоймаларды құру еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға, инвестицияларды тарту үшін қолайлы ахуалды жасауға, логистикалық инфрақұрылымды дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді. Жылдың соңына дейін еліміз арқылы жүк транзитінің болжамды көлемі 430 тоннадан асуы ықтимал.

Оған қоса, бонд қоймалары елдер арасындағы тауар айналымын арттырып, Еуроодақ пен Орталық Азияға тауар жеткізу уақытын қысқартады.

Сондай-ақ, Заңға енгізілетін түзетулер Қазпоштаға заңды тұлғалар үшін тауарларды жеңілдетілген экспорттау сервисін енгізуге мүмкіндік береді, бұл декларация ретінде экспорттаушыларға тауарларға арналған пошта құжаттарын (кедендік декларация: CN 22 және CN 23) пайдалануға мүмкіндік береді.

Аталған сервисті енгізу экспортты декларациялау және тауарларды қайта импорттау кезінде халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік рәсімдеуді жеңілдетеді. Қазпошта кәсіпкерлерге кедендік рәсімдеудің оңайлатылған түрін ұсынатын болады. Енді кез-келген пошта бөлімшесінде тауарларға арналған құжаттарды кеден органдарына бармай, кедендік алымдарды төлемей рәсімдеуге болады.

Осыған дейін "Самұрық-Қазына" қорында өткен баспасөз мәслихатында "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов: "Кәсіпкерлер 2019 жылды экспортты жеңілдету жылы ретінде есте сақтап қалады деген ойдамыз. Жақын арада кедендік рәсімдеуге қатысты заңнамаға түзетулер күтілуде. Бұл заңды тұлғалар үшін тауарлардың жеңілдетілген экспорты қызметін енгізуге мүмкіндік береді. Яғни, экспортталған тауарларды тіркеу кезінде клиенттің бүкіл жұмысы пошта бөлімшесінде іске асып, небары бірнеше минутты құрайтын болады. Біз кеден органдарында экспортты тіркеу жұмыстарын, жөнелтушілердің қатысуынсыз жүргізетіндей өз мойнымызға аламыз", - дегені белгілі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: