Главная Новости Трансформация бағдарламасынан 86 млрд теңге пайда түсті
18 желтоқсан 2019, 13:43 1418

Трансформация бағдарламасынан 86 млрд теңге пайда түсті

Трансформация бағдарламасынан 86 млрд теңге пайда түсті

2019 жылдың соңына қарай "Самұрық-Қазына" қорындағы Трансформация бағдарламасын жүзеге асырудан түсетін пайда көлемі 86 млрд теңгеге жетеді. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов "Digital Samruk-2019" конференциясы барысында мәлімдеді.

"Цифрлық трансформация: ел экономикасының өсу көкжиегі" тақырыбындағы іс-шараға ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев және Қордың қоржындық компанияларының басшылары қатысты.

Премьер-министр әлемдік ауқымда елдің одан әрі өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде цифрландырудың өзектілігін атап өтті, сондай-ақ Қордың жұмысын жоғары бағалады.

"Самұрық-Қазына" қоры стартап инновациясына тұрақты сұраныс жасау үшін үлкен әлеуетке және мүмкіндіктерге ие. Сандық технологияларды одан әрі ықпалдастыру Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 экономиканың тізіміне кіруі және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту үшін шешуші мәнге ие", - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ "АҚ қоржындық компанияларының және олардың серіктестерінің сандық технологиялар мен "ақылды қалалар" саласындағы жетістіктер көрмесімен танысты.

Өз кезегінде, Қор басшысы компаниялар тобында Цифрлық трансформация бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесін ұсынды.

 "Трансформация бағдарламасы аясында нақты жобаларды жүзеге асыру есебінен соңғы екі жылда пайда көлемі 86 млрд теңгені құрайды. Бұл тек тікелей пайда, тағы жанама түрі бар. Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қор компаниялар тобының таза табысы шамамен 1 трлн 150 млрд теңгені құрады. Шоғырландырылған бюджетке төлемдер 14%-ға өсіп, 813 млрд теңгені межеледі. Бір жыл ішінде Үкіметке дивидендтер көлемі 2 есеге, ақшалай түрде 5 есеге артты", - деді Ахметжан Есімов.

Ауқымды IT аудит қорытындысы бойынша тиімділік тұрғысынан күмәнді жобаларды іске асыруға арналған шығындар оңтайландырылды. IT тиімділігін арттырудан жалпы пайда 60 млрд теңгені құрады. Холдингішілік сатып алу көлемі 4 есе – 2 трлн теңгеден 515 млрд теңгеге дейін азайды. Бір көзден сатып алу 900 млрд теңгеге немесе 1,5 есеге қысқарды. Санаттық сатып алуды дамыту жұмыстары шамамен 24 млрд теңге пайда алуға мүмкіндік берді. Бәсекелестік ортаға 618 млрд теңге берілді. Осылайша, сатып алу тетігін жетілдіру шамамен 140 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.

Айта кеткен жөн, 2018 жылы жаңа топ-менеджменттің келуімен 2014 жылы бекітілген трансформация бағдарламасы қайта қаралып, өндірістік бизнес-процестерді цифрландыруға назар аудара отырып өзектілігін арттыруға күш салынды.  Осылайша, Қор жаңа IT технологияларын әзірлеу мен енгізуді көздейтін нақты және қолжетімді мақсаттармен цифрлық трансформацияға көшті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: