Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС темір жолдағы жүктің сақталуы бойынша Жол картасын әзірлеуде. Бұл туралы дөңгелек үстел барысында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Қанат Көбесов мәлімдеді. Кездесу Бас көлік прокуратурасы, мүдделі құрылымдық бөлімшелер және кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Қанат Көбесов тасымалданатын жүктерді ұрлау жағдайларының алдын алу және сақтау бойынша алдын алу іс-шараларын күшейту қажеттігін атап өтті. Жол картасына теміржол жүктерін қорғау саласына цифрлық технологияларды енгізу үшін жағдай жасайтын кешенді ұйымдастыру іс-шаралары енгізілетін болады. Әсіресе, кадрларды іріктеуге, персоналды оқытуға және кәсіптік даярлауға ерекше назар аударылады. Жол картасы Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және көліктегі қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің хаттамасын орындау шеңберінде қабылданатын болады.
«Маусымның басында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нде «ҚХР – Еуропа – ҚХР бағыты бойынша контейнерлік пойыздарда жүктердің сақталуы, Достық, Алтынкөл шекаралық өткелдерінде жүкті қайта тиеу сапасы» айлығы басталды. Осылайша, Қытайдан Еуропаға бағытталған транзиттік контейнерлік пойыздардың жүру бағдары бойынша жүктердің сақталуы ерекше бақылауға алынды. Өткізу режимдері күшейтілді, рейдтер, соның ішінде кенеттен рейдтер жүргізілуде, Достық және Алтынкөл станцияларының қайта тиеу терминалдарында бейнебақылау камераларының жұмысы тексеріледі», – деді Қанат Көбесов.
Өз кезегінде, Бас көлік прокуратурасының өкілдері жүктің сақталуын қамтамасыз етуде күш-жігерді біріктіруге ниет білдірді. Еңбек міндеттерін орындау кезінде құқық бұзушылыққа жол берген қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту қажеттілігі туралы айтылды. Ол үшін ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамалар көтерілмек. Кеңес қорытындысы бойынша осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізу ұсынылды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
70
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
78
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы