Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Астанада «Туған елге саяхат» жобасының үшінші ақтық кезеңінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Патриоттық сезімді күрт күшейтіп, рухани жаңғыртқан игілікті іске қатысушы балалар бақыттан жүздері бал-бұл жайнап, бір-бірімен қимай қоштасып жатты.

Бірден атап өтерлік жайт, 600 бүлдіршіннің 510-ның, яғни 90%-ының ата-анасы «Самұрық-Қазына» қорындағы өндірістік компанияларда жұмыс істейді. Қалған 90 бала шығармашылық байқау қорытындысында іріктелген.

Мерекелік жиында сөз алған «Самұрық-Қазына» АҚ басшылық өкілдері де жобаның өскелең ұрпақ өкілдерін отансүйгіштікке тәрбиелеудегі зор маңызын айрықша нұсқап, балаларға «Қазақстанға саяхат» танымдық кітабын сыйлады. Түрлі-түсті пайдалы суреттерге толтырылған кітапта қызықты мәліметтер де молынан көрініс тапқан.

Өз кезегінде жеткіншектер үш тілде Байқоңыр ғарыш айлағы мен Алакөл, Түркістан, Алматы, елордадағы «ЭКСПО» көрмесі аумағы, басқа да көрікті жерлерге барған әсерлерімен бөлісіп, ән мен биден тартуын ұсынды.

«Менің елім» әлеуметтік инвестиция бағдарламасы аясында қолға алынған, балаларға арналған «Туған елге саяхат» саяхат жобасы, міне осымен үшінші рет ұйымдастырылды. Нәтижесінде 12 мен 15 жас аралығындағы мектеп оқушылары Астана-Байқоңыр-Түркістан-Алматы-Алакөл-Астана бағдарын пойызбен жүріп өтті. Олардың қасында топ жетекшілері, мұғалімдер мен дәрігерлер болды. Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесе іске асырды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
175
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете