Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Сурет: "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Жұртшылықпен байланыс бөлімі
Көрнекті мемлекет қайраткері, еліміздің мұнай саласы абыздарының бірі, Қазақ КСР еңбек сіңірген геолог-барлаушысы, Өзен, Жетібай, Теңге, Қаражанбас, Солтүстік Бозашы, Қаламқас кен көздерін ашқан, Маңғыстау түбегін игеруді ұйымдастырушылардың бірі Халел Өзбекғалиевтің 90 жылдығы Маңғыстау жерінде кеңінен аталып өтті.
Мерейтой Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі алаңындағы даңқты геолог-барлаушының ескерткішіне гүл қою салтанатынан басталды.
Салтанатты жиынды Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов ашты. Өңір басшысы Маңғыстау тарихында өзіндік өшпес орны бар тұлғаның мұнай барлау мен өндіру, өлкені дамытудағы орасан зор еңбегіне тоқталып, жиынға қатысушы ардагер мұнайшыларға алғысын жеткізді:
"Біз, орта буын өкілдері, Халекең туралы естеліктерді тыңдап, ағаның тәліміне, тәжірибесіне, адамгершілік парасатына тәнті боламыз. Өңірдегі ірі мұнай кенорындарының басым бөлігін Халел ағамыз ашып, оларды игеруге мұрындық болды. Артына өшпес із қалдырған Халел Жағыпарұлының 90 жасын атап өтуге алыс-жақыннан ат арытып келген баршаңызға алғысымды жеткіземін".
Жиында техника ғылымдарының докторы, кезінде мұнай саласы министрі қызметін атқарған ардагер Ұзақбай Қарабалин, Қазақстанның құрметті геолог-мұнайшысы, Н.Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қоры құрылтайшыларының бірі Орал Ақшолақов, мұнай-газ өндірісі саласының үздігі, ардагер энергетик Қалабай Төлегенов, Халел Өзбекғалиевтің ұлы, полиция генерал-майоры Райымхан Өзбекғалиев естеліктері мен алғыс-тілектерін жеткізді.
Түс ауа қонақтар "Маңғыстау облысының мұнай-газ әлеуеті" тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияда бас қосты. Конференция соңында Х.Өзбекғалиевтың өмірбаяны негізінде жазылған "Мұнайдан дария жасаған" кітабы таныстырылып, колледж студенттеріне табысталды.
Артур Рашидов - Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің студенті:
"Даңқты геолог барлау-шының еңбек ерлігі мен табандылығы үлгісін бойымызға сіңіру, ер есімін биік ұстап, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру берік ұстанымымыз болып қала бермек. Халел атамыздың атымен аталатын колледж студенті болу да үлкен құрмет, осы дара тұлғаның еңбегін, мұнай саласындағы қызметін жалғастыру біз секілді болашақ мұнайшылардың еншісіне тимек. Х.Өзбекғалиев атымен аталатын колледж әлі талай шәкіртке білім беріп, туған Отанымыз – Қазақстанның экономикасын дамытатын мыңдаған жас маманға жөн сілтейтініне сенемін".





10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
25
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы
178
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде