Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Төрт қақпалы Түркістан қаласы – ежелден-ақ батыс пен шығысты жалғаған Ұлы Жібек жолының бойындағы көне шаһар. Бүгінгі таңда Орынбор-Ташкент магистралінің бойындағы тоғыз жолдың торабы Түркістан станциясы тәулігіне отыз шақты жүк пойызы мен он-он бес жолаушылар пойызын қабылдап-жөнелтіп отыр.
Бірі келіп, бірі кетіп жатқан жүк және жолаушы пойыздары қай жолға қабылданып, қанша уақыт тоқтайды, қай құрамнан қанша вагонды ағытып, қай бағытқа тіркеу керек, жаңа бағдарларды жасақтау, тағысын тағы толып жатқан станциядағы күнделікті жұмыстарды тек осы кәсіптің жілігін шағып, майын ішкен мамандар ғана жаңылыспай, талапқа сай етіп атқарары анық. Ал сырт көзге ол күн сайын келіп-кетіп жатқан пойыздар қозғалысы, көңілсіз тірлік көрінуі мүмкін.
Түркістан станциясында еңбек ететін 110 теміржолшының дені – өз кәсібінің майталманы атанған тәжірибелі жандар. Станцияның бас инженері Данияр Нұрмахамбетовтің айтуынша, соңғы жылдары зейнетке кеткен бір топ аға буынның орнын жас мамандар басқан. Заманның талабына сай цифрландыру жүргізіліп жатқан сала үшін өндіріске білімді жастардың келуі – үлкен жетістік. Цифрландыру бағдарламасының енгізілуі нәтижесінде штат саны қысқарып, көптеген жұмыстардың компьютер көмегімен реттелуі арта түскен. Алдағы уақытта да заманауи технологияларды көбейтіп, қызметті оңтайландыру – станция басшылығы ұстанған басты бағыт.
Станция бастығы Қадыр Сырлыбековті көне шаһар халқы түгел таниды десек, қателеспейміз. Бірнеше ондаған жыл станция тізгінін ұстап отырған тарлан теміржолшы – қозғалыс саласының хас шебері. 35 жылдық еңбек жолында жинаған тәжірибесін, көрген-білгенін жастарға үйретуді басты мақсат санайды. Сонымен қатар уақыт талабына сай жаңа технология, цифрлық шешімдер сынды өзгерістерден тайсалмай, қоғам қажеттілігіне сай еңбек ету қажет деп біледі.
...Алыс жолға сапар шегіп, ұшы-қиыры жоқ кең даланы көзбен көргісі келген жан үшін пойызбен сапар шегу – нағыз романтика. Бірақ бұл салада қарапайым жолаушы халық көре бермейтін, көрсе де қызметінен бейхабар талай маман тер төгеді. Сіз бен біз білетін машинист, пойыздағы жолсерік, вокзалдағы хабарлаушы, тіпті жүйткіген пойыз вагондарының дөңгелегін ұзын сапты балғамен тексеріп жүрген сары жилет киген вагон қараушылардан бөлек, тағы да сол сіз бен біздің сәтті сапарымызды қамтамасыз ету үшін бүкіл қозғалыс қызметін ұршықтай үйіріп отырған станцияда ондаған кәсіп иелері тәулік бойы жұмыс істейтінін біріміз білсек, біріміз біле бермейтініміз рас...
Досхан ТӨЛЕГЕНОВ, Түркістан
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
138
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»