Главная Новости Вахтада істеу әйел адамға оңай деп кім айтты?!
10 сәуір 2019, 15:14 3310

Вахтада істеу әйел адамға оңай деп кім айтты?!

Вахтада істеу әйел адамға оңай деп кім айтты?!

Қайтпас қайрат пен жігер-табандылықты талап ететін мұнай өндірісінде  ерлермен тең тер төгіп,  абырой асуында келе жатқан  жанның бірі  -  Набат Қайнарова.

Түркменстаннан атажұртқа -  Бейнеу елдімекеніне қоныс аударғанда Набат он жаста болатын. Орта мектепті үздік бітіріп, Ақтау қаласындағы училищеде «химик-технолог» мамандығын меңгеріп шыққан жас маманның маңдай тіреп келген  жері - Қаламқас.  Алғашқы алты айда ғылыми-зерттеу зертханасында өлшеуші болған кейіпкеріміздің аса жауапты учаске - мұнайды өткізетін зертханада 38 жылдан бері табан аудармастан қызмет етуі нағыз іске адалдықтың айқын үлгісі болса керек.

«Техникалық тұрғыдан өте сауатты болуды талап ететін бұл жұмыс кез-келгеннің ырқына көне бермейді. Күн өткен сайын құбылып, сәт сайын шығатын жаңа технологиялар тұрмысымызға дендеп еніп жатқан шақта, бүтіндей бір алып компанияның зертханасында абыройлы еңбек ету тек білімді әрі білікті  маманның ғана қолынан келеді. Артылған сенім мен үкілі үмітті  қашанда ақтай білген Набат Абдықызы жүрген ортасына қадірлі», - дейді «Қаламқас-мұнайгаз» өндірістік басқармасы ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар цехы басшысының орынбасары Сүйіндік Уәлиев.

Набат Қайнарова - мұнайшы кәсібін талбесікке сүйеніп сәбиін тербете, берекелі шаңырақтың қазанын қайната жүріп меңгерген жан. Жапандағы кәсіпшілік, вахталық ауысым, бір күн үй – бір күн түз... Соған қарамастан  балаларын өсіп-жеткізді. Өнегелі отбасының көсегесін көгертті, жапырағын жайды, өрісін кеңейтті. Бес қыз тәрбиелеп, немере-жиен сүйіп отырған Набатты отағасы Өтегенмен  табыстырған да - Қаламқас кенорны.  Көрген қиындық пен бейнет – бүгін көрген түстей.

Вахталық әдіспен қызмет ету әйел адамға оңай деп кім айтты?! Набаттың отының басы мен ошағының қасына алакөңіл қылмай, шаруасын тап-тұйнақтай қылып баққан енесіне, көпбалалы шаңыраққа келін болып түскен тағдырына  алғысы шексіз. Бір үйде төрт келін тәрбиелеген кемеңгер енесін жұртқа жыр қылып мақтана айтады.

Өтеген Балжігітов ағамыз бен Набат апайдың шаңырағында тәрбиеленген әр перзентінің  өз өмірлік жолы жалғасуда. Соның ішінде  анасының тәлімін, еңбек жолын жалғастырғаны - Үміт. Химик-технолог мамандығын меңгерген ол - бүгінде Жаңаөзен қаласындағы белді кәсіпорында лаборант.

...Әдеттегідей Қаламқастан асыға жеткен Набат апайды  бүгін де думанды төрі сағыныштың ыстық құшағына алды.  Өтеген ағамызға ере қаумалаған бала-шаға  көңілін  көктемнің нұрына бөлегендей мамыражай сәтке біз де куә болдық. Екі айлық немересінің тәтті иісі Набат апайымыздың  жан-жүрегін елжіретіп, өзінің Қаламқасына жүретін келесі сапарына ғана емес, бүкіл тірлігіне күш-қайрат құйғандай.  Ана бақыты деген осы емес пе?!

Лаура ЖОЛДЫБАЕВА 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: