Главная Новости «Вирусты ауыздықтаудың жалғыз жолы – ұжымдық иммунитет қалыптастыру»
28 сәуір 2021, 13:31 1451 Нұрболат Аманжол

«Вирусты ауыздықтаудың жалғыз жолы – ұжымдық иммунитет қалыптастыру»

«Вирусты ауыздықтаудың жалғыз жолы – ұжымдық иммунитет қалыптастыру»

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директордың бірінші орынбасары Қалбай Ізмұханов әріптестеріне арнап коронавирусқа қарсы екпе салдырудың маңызы туралы үндеу жасады.

Компания үшін өз қызметкерлерінің денсаулығы мен олардың отбасыларыларының амандығы қашан да бірінші орында тұрады. Бұл «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұстанатын кадрлық және әлеуметтік саясаттың түп негізі. Сондықтан, қызметкерлер өміріне қандай да бір қауіп төнетін жағдайлар болса, Компания басшылығы олардың алдын алуға және мүлдем болдырмауға барлық амалдарды қолдануға даяр.

Мәселен, елімізде індет белгілері пайда болып, төтенше жағдай жарияланған алғашқы күндерден бастап-ақ, Компания ұжымының басым бөлігі қашықтықтан жұмыс жасау әдісіне көшірілді. Елде жеке қорғаныш құралдарымен қиындықтар болып жатқанда да - Компания өз қызметкерлерін қорғаныш маскасы, антисептик, гигиеналық қолғап сынды бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз етіп келді. Кенорындарда да бірегей сақтық шаралары алынды. Соның арқасында, қызметкерлер арасында Коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қойылды. Бұл өз кезегінде Компанияда қызмет ететін азаматтардың отбасы мүшелері үшін де вирус жұқтыру қаупін төмендеткені сөзсіз.

Алайда, сіз бен біз жасап жатқан амалдарға қарамастан, коронавирус инфекциясының таралу қарқыны төмендер емес. Соңғы күндері вирус қайта өршіп, Маңғыстау облысы қауіптілігі жоғары қызыл аймаққа енді. Қазір тәулігіне ондаған адам індетке шалдығып, хал үстінде жатыр.

Әлем ғалымдарының пайымдауынша, вирусты ауыздықтаудың жалғыз жолы – ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Ал оған, өз кезегінде, Covid-19 вирусына қарсы екпе алу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан, бүгін мен және Компанияның бір топ қызметкерлері өзімізді және отбасымызды, бізді қоршаған азаматтарды вирус жұқтыру қаупінен қорғау үшін вакцина алу туралы шешім қабылдап, вакцинаның бірінші екпесін жасаттық.

Осы орайда баршаңызды елімізде жүріп жатқан вакцинация науқанына қатысуға шақырамын. Өзіңізді қорғаңыз – отбасыңызды қорғаңыз!

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 01 июня, 2022№№9-10 (191-192) SK NEWS 29 апреля, 2022№№7-8 (189-190) SK NEWS 31 марта, 2022№№5-6 (187-188) SK NEWS 04 марта, 2022№№3-4 (185-186) SK NEWS 31 января, 2022№№1-2 (183-184) SK NEWS 14 декабря, 2021№№23-24 (181-182) SK NEWS 30 ноября, 2021№№21-22 (179-180) SK NEWS 29 октября, 2021№№19-20 (177-178) SK NEWS 30 сентября, 2021№№17-18 (175-176) SK NEWS 31 августа, 2021№№15-16 (173-174) SK NEWS 30 июля, 2021№№13-14 (171-172) SK NEWS 30 июня, 2021№№11-12 (169-170) SK NEWS 31 мая, 2021№№9-10 (167-168) SK NEWS 29 апреля, 2021№№7-8 (165-166) SK NEWS 31 марта, 2021№№5-6 (163-164) SK NEWS 01 марта, 2021№№3-4 (161-162) SK NEWS 29 января, 2021№№1-2 (159-160) SK NEWS 25 декабря, 2020№№23-24 (157-158) SK NEWS 30 ноября, 2020№№21-22 (155-156) SK NEWS 30 октября, 2020№№19-20 (153-154) SK NEWS 30 сентября, 2020№№17-18 (151-152)

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: