Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Сурет: ашық дереккөзден
"Восточка" тұрғын үй кешені пайдалануға 2020 жылдың жазында беріледі. Бұл туралы "Samruk-Kazyna Construction" АҚ өкілдерінің кешен тұрғындарымен кездесуі барысында белгілі болды. Компания тұрғын кешеннің 16 үйінің құрылысын аяқтауға 7,1 млрд теңге көлемінде қаржы тартпақ.
Кешен жаңа салушыға тапсырылды. Сатып алушылар үшін шарттар мен бағалар бұрынғыдай қалады.
Айта кеткен жөн, инвестор ретіндегі "Samruk-Kazyna Construction" АҚ мен құрылысты салушы "Baur Development Group" ЖШС арасында 2016 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында "Восточка" ТК нысанын салуға инвестиция құю туралы шарт жасалған.
Алайда, биыл сатып алушылардың өз пәтерлерін алмау қаупі туындады. Нысанды пайдалануға беру 2019 жылдың наурыз айына жоспарланғанымен, құрылыс салушы шарт бойынша міндеттемесін уақытылы орындамаған. Салдарында жоспарланған уақытта құрылыстың бітпеу қатері төнді.
Құрылысты мерзімінде аяқтамағанына байланысты келісімшарт бұзылып, 2019 жылдың 17 шілдесінде "Samruk-Kazyna Construction" АҚ "Berkut Development" ЖШС-мен аяқталмаған құрылыс нысанын тапсыру туралы шарт жасады.
16 үйде 1008 пәтер бар. Оның ішінде қазіргі уақытта алдын ала сату шарттары бойынша 477 пәтер сатылған. Сатып алушылардың ақшалай қаражаты экстроу-шоттарда сақталмақ.
"Біз Алматы қаласының әкімдігімен және құрылыс салушымен меморандумға қол қойдық. Желтоқсан айының ортасына дейін қаржыландыруды ашуды жоспарлап отырмыз. Жаңа шартқа сәйкес кесте құрдық және 9 ай ішінде құрылысты толығымен аяқтаймыз. Нысандар кезең-кезеңмен тапсырылатын болады: 5 ай ішінде 4 үйді, тағы 7 үйді 7 ай ішінде, қалған 3 үйді 9 ай ішінде тұрғызамыз. Яғни, үйлердің басым бөлігі мамыр айында, маусым-шілде айларында пайдалануға беріледі. Барлық сатып алушылар бастапқыда жасалған шарттармен үй алады. Бұл мәселені шешілді деп санаймыз. Желтоқсан айының ортасынан бастап құрылыс жұмыстарына кірісеміз",- дейді "Samruk-Kazyna Construction" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.
Бұны жаңа құрылысты салушы компания да растауда.
"Біз 16 үйді, сыртқы және ішкі алаңдағы барлық кешенді, желі мен аббаттандыруды аяқтаймыз. Кейбір үй бөліктерін: әрлеу және ішкі жұмыстарын, сондай-ақ бөлме құрылысы жұмыстарын өз қаржымызға салуды бастап кеттік" ,- дейді "Berkut Development" компаниясының директоры Мадияр Бұхтарбаев.
Қала әкімдігі "Восточка" ТК-де сыртқы су құбыры желісін, кәріз, электрмен жабдықтау және қазандық жүйесін салуға уәде берді. Әкімдік өз жұмысын желтоқсан айының соңына дейін аяқтамақ.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
50
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы