Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Хорватияда өткен термоядролық синтез технологиясы бойынша SOFT 2020 31-халықаралық симпозиумында Карлсруэ технологиялық институтының ғалымдарының әзірлемесі екінші орынға ие болды. Әзірлеме идеясы – термоядролық реакторларда титан бериллидін пайдалану. Әзірлеменің пракатикалық бөлігі ҮМЗ-де жасалған және сыналған титан бериллидінен жасалған үлгілерді зерттеуге негізделген.
ҮМЗ-нің Карлсруэ қаласынан ғалымдармен бірлескен жұмысы титан бериллидін алудың өнеркәсіптік процесін әзірлеуге әкелді. Қазіргі сәтте «ҮМЗ» АҚ өнертабысына патент алу процесі жүруде.
Келешектегі термоядролық реакторларда пайдаланудан басқа, жаңа конструкциялық материал бөлу реакторларының шағылдырғыштарында, зымырандық және ғарыштық техникада қолданылуы мүмкін.
ҮМЗ-де жасалған титан бериллиді бірқатар бірегей қасиеттерге ие. Ол бериллиймен салыстырғанда, жоғарырақ жұмыс температураларына шыдайды және жемірілуге жақсырақ беріктікпен ерекшеленеді. Материалдағы уранның құрамы да өте төмен, Materion Brush (АҚШ) өндіретін бериллийдегіден 500 есе аз болып келеді. Алынған бериллидтің тығыздылығы да аса жоғары – теориялықпен салыстырғанда 98%, және түйіршіктерінің өлшемі де 8 микронды ғана құрайды.
ҮМЗ жұмыскерлері титан бериллидін алудың технологиялық тәсілін әзірледі. Алынған бұйым реактор жұмысы жағдайларын елестететін режимдегі сынаулардан сәтті өтті. Ол үшін титан бериллидінен жасалған блоктың макеті 900оС дейін қыздырылған индукциялық пеште термоциклдеудің 50 циклінен өтті.
Жақын болашақта материалдың қасиеттерін арнайы зерттеу құрал-жабдығы бар Еуропа, АҚШ, Жапония мен Оңтүстік Кореяның мүдделі зертханаларымен зерделеу жоспарланып отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!